Атырау, 25 қараша 14:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда рэкетирлер вокзал таксишілерін бопсалап келген

3 696 просмотра


Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таксишілерден ақша бопсалаумен айналысқан алты адамға қатысты үкім шығарды. Сотта анықталғандай, 2014 жылдың шілдесінен бері Атыраудың алты тұрғыны теміржол вокзалынан Орал мен Астраханға жолаушылар тасымалдап жүрген такси жүргізушілерінен қорқытып, ақша алып отырған.

Бопсалау сызбасы мынадай: таксишілер 80 мыңнан 200 мыңға дейін «бастапқы жарна» төлеп, содан кейін ай сайын 5 мыңнан 25 мыңға дейін ақша төлеп тұрады.

- Сотталушылардың барлығы кінәларын мойындап, зардап шегушілерге зиянды толықтай өтеді. Мойындаудан бөлек, сотталушылардың кінәсі жедел-іздеу шараларының қорытындыларымен, жәбірленушілердің, куәгерлердің жауаптарымен, телефон арқылы сөйлесу стенограммасымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді, - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Қылмыстық топты ұйымдастырушы ҚР ҚК-нің 262-бабы (Қылмыстық ұйым құру және басшылық ету) және 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл жарымға бас бостандығынан айыру, тағы екеуіне 194-бап бойынша 7 жыл бас бостандығынан айыру, қалғандарына сол бап бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  

Фархат ӘБІЛОВ

23 қараша 2018, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.