Атырау, 19 тамыз 17:23
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Біз білмейтін едік

3 471 рет қаралды


Жыл басынан бері мониторингтік топ «жасырын тұтынушы» әдісі арқылы атыраулық ЖОО-лар мен колледждерде оқу және түсуде орын алатын көптеген жемқорлық фактілерді анықтады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВ мәлімдеді.

- Мысалы, «жасырын тұтынушы» әдісі арқылы Х.Досмұхамедов атындағы АМУ мұғалімдерінің студенттерді магистратураға түсіруге және сабаққа қатыспай, сессия тапсыруына көмектесетіндігі белгілі болды.

Жыл басынан бері қанша сыбайластық жемқорлық фактілері тіркелді?

- Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлықпен  шамамен 40-тан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек 11 жоғары лауазымдағы мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.   

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті түсірген автор

27 қараша 2018, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.