Проблемалық материалды жариялағаны үшін «Ақ Жайыққа» алғысымызды білдіреміз. Бірақ осы мәселе бойынша өз көзқарасымызды да білдіргіміз келеді. Өйткені материал тақырыбы мен материалдың өзі біржақты сипатта жазылыпты. Жарияланым авторы, өкінішке орай, бізге бұл мүмкіндікті бермеді. Ал жарияланымда көрсетілген әрбір фактіге қатысты біздің объективті пікірлеріміз бар.
Самал ықшамауданындағы бүлінген жаяужолдардың көбіне айқын түсініктеме бар. Оларды ықшамаудан тұрғындары бүлдірген. Олардың қандай себеппен және қандай жауапкершілік алуы тиіс екені мердігерлер ретінде біздің құзыретімізге кірмейді. Мәселен, №21 және №7 көшелердің бұрышындағы жаяу жүргінші жолын құрылыс материалдарын тасымалдау кезінде салынып жатқан тұрғын үй аумағына кіргенде ауыр жүк таситын көліктер бұзып тастаған.
№14 көше бойындағы аяқталмай қалған жаяужол бөлігінде – учаске қожайынының өзі қызметкерлерімізге өзінің құрылыс алаңына құрылыс материалдарын жеткізу керектігін айтып, жаяужол салуға мүмкіндік бермеген.
12-көше бойындағы жаяужолдың бүлінуі де өз үйінің ауласына құрылыс материалын тасыған тұрғынның кінәсінен орын алған. Бұл жағдайды өткен жылдың жазында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған болатын. Орындаушылар ретінде біз бүлінген жерлерді дұрыстауға міндеттелдік. Жұмыстар басталды. «АтырауКөлік» ЖШС күшімен осы жердегі жиектастар қалпына келтірілді (бұл сіздердің жарияланымдағы суреттерден көрініп тұр), асфальт төсемі қолайлы ауа райында төселетін болады.
Бұған қосымша жаяужолдар ауыр көліктер өтуге арналып жасалған деген тұжырымды түзеткім келіп отыр. Ауыр салмақты болғандықтан ауыр жүкті өзі түсіретін көліктердің жаяужолдардан өтуіне тыйым салынғанын хабарлаймыз. Жаяужолдар мен өткелдер қазіргі жобаға және Құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) – ҚР ҚН 3.03-19-2003 сәйкес жасалған. Нормативтерге сәйкес жаяу жүргіншілер жолына түсетін салмақ бір шаршы метрге 100-ден 200 келіге дейінгі салмақтан аспауы керек.
Осы проблемаларды болдырмас үшін біз құрылыс басталғанда, жекелеген учаскелерге жаяу жүргіншілер жолы арқылы кіру қақпалары мен автокөлік өткелдерінің карталарын жасауға тырыстық, бірақ жоба бойынша бұл қажет емес еді. Алайда бұл ақпаратты күні бұрын ала алмадық - көп тұрғындар жеке тұрғын үй құрылысын кеш бастады және өздерінің тұрғын аумағына кіретін қақпаны қай жерге орнататыны туралы нақты ақпарат бере алмады.
Бұдан басқа, біздің компания 24 ай кепілдік мерзімі ішінде тұрғындардың өздері бүлдірген жаяу жүргінші жолдарын қалпына келтіру міндеттемесін өз мойнына алатынын хабарлаймыз.
Сондай-ақ, үйлерге баратын өтпе жолдарға смета құнында қарастырылмаған темірбетон тақталарын төсеуді жоспарлап отырмыз. Бұл төсемдер ықшамаудан тұрғындары қажет етіп отырған жүктемеге төтеп бере алады.
Қайрат ЮСУПОВ, «АтырауКөлік» ЖШС директоры