15 қарашада Атырау облысы әкімдігінде коммуналдық тарифтерді төмендету жөніндегі президент тапсырмасын орындау бойынша кеңес өткізілді. Мемлекет басшысының бұйрығы орындалуы тиіс. Оны қалай орындау керек, ол басқа мәселе. Қазақстанда 16 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала (Астана, Алматы және Шымкент) бар, олар өңірлер бойынша тарифтік кестеде 19 орынды құрайды. Бұл жерде орын неғұрлым төмен болған сайын, соғұрлым жақсы болғаны.
Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ өз баяндамасында тариф деңгейі бойынша Атырау облысы электр мен газ саласы бойынша 17-ші, жылу бойынша 2-ші, су мен кәріз жүйесі бойынша 14-ші орында тұрғанын айтты. Иғалиев жылу көрсеткіштерін төмендету бойынша жұмыс істеу керек, ал қалған позициялар бойынша қазіргі деңгейде ұстап тұруға тырысу керек деп есептейді.
«Атырау Энерго сату» ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОШАТОВ осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап трғындарға электр энергиясының уақытша өтемақы тарифін енгізу нәтижесінде бір айда 150 млн теңге қайтарылғанын хабарлады. Ал кеше оған монополияға қарсы қызмет 20 қарашадан бастап жаңадан тарифтердің төмендегені туралы хабарлаған. Қаншалықты төмендегенін қазіргі уақытта ЖШС экономистері есептеуде.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ айтуынша, монополистердің инвестициялық бағдарламаларды орындауын тексеру үшін комиссия құрылады, өйткені тарифтерді көтеру туралы әлсін-әлі өтінім беретіндіктерін олар көбінесе осы бағдарламаларды іске асыру қажеттілігімен түсіндіреді.
- Жаңа жылдан кейін жалақылар көтеріледі - бағалардың бақылаусыз өсуіне жол бермеу үшін дүкендер мен базарларды қадағалау керек, - деді Таубаев. Ал қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ Кәсіпкерлік кодексінде сауда нүктелерінің қожайындарына бағаны негізсіз көтергені үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салуға мүмкіндік беретін норма бар екендігін, оны белсенді түрде қолдану керектігін атап өтті.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ