Атырау, 25 қараша 14:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Кооперация» операциясы: шаруа үйлеспеді

Сурет Бейнежазба
2 980 просмотра

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ауылшаруашылық кооперациялары туралы» заң күшіне еніп, ауыл тұрғындары мемлекеттен субсидия алып, ұжымдарға біріп, заңды тұлғаларға айналды. Алайда араға үш жыл салмай сол кезде Атырау облысында құрылған кейбір кооперативтер жұмысын тоқтата бастады.

«Құрманғазы сервистік дайындау» орталығының директоры Біржан КЕНЖЕБАЕВТЫҢ айтуынша, өткен жылдың тамыз айында мүшелікке 23 адам тартылып, мал бордақылаумен айналысатын «Береке-2» кооперативі құрылған. Бүгінде осы кооперативте үш адам қалды.  

- Кооперативке ауыл адамдары үкіметтен жеңілдетілген несие алып, мал бордақылаумен айналысамыз деген үмітпен кірген болатын. Алайда барлық жоспарды  ауыл шаруашылығы министрлігінің өткен жылдың қазан айында шығарған қаулысы бұзды,- дейді Б. Кенжебаев. – Жаңа өзгерістерге сәйкес, бордақылау алаңында кемінде 500-1000 бас мал болуы тиіс.   Одан төмен болса, мемлекеттен субсидия ала алмайды. Енді ғана жұмысын бастаған кооперативтердің бұған ешқандай мүмкіншілігі жоқ.      

- Көптен сервистік дайындау орталығын басқарып келесіз. Фермерлер өңірімізді толықтай ет өнімдерімен қамти ала ма?

- Сервистік дайындау орталығы облыс бойынша үш жерде бар, Атырауда, Қызылқоға және Құрманғазы ауданындарында жұмыс істейді. Онда мал сою, өңдеу, шұжық дайындау, одан бөлек тұшпара, фарш, қуырдақ, манты түрлерін дайындап сатамыз. Сиыр, жылқы терісін де өткізіп жатырмыз. Дегенмен бұл өте табысты бизнес емес. Мәселен, тоғыз айда 98 млн теңгенің өнімін шығардық, алайда таза табысымыз 6 млн теңгенің шамасындай. Шығын көп. Біз қазір еттің бағасын көтере алмай отырмыз, Ресейден кәсіпкерлер келіп, жас төлдерді сатып алып кетіп жатыр. Сервистік орталыққа үкімет тарапынан субсидия қарастырылса, ауыл тұрғындарының малын біз сатып алар едік.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

21 қараша 2018, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.