Атырау, 9 қаңтар 09:26
 ашықВ Атырау +1
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Қар және көктайғақ: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

324 просмотра
Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 26, 27 және 28 қарашада ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз солтүстікте және елдің орталығында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болуы мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, ал оңтүстікте екпіні 23-28 метрге дейін жетеді деп күтіледі", – делінген хабарламада.

Метеорологтар температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайтынын айтты.


25 қараша 2024, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.