Атырау, 25 қараша 14:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырауда мал сою цехының қызметкерін терідегі сібір жарасынан емдеп жатыр

87 просмотра
Көрнекі сурет


Зертхананың сараптама қорытындысы бойынша «Асыл-Агро» мал сою цехының бір қызметкерінен теріге шыққан сібір жарасы диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқас бекітілген медициналық хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Қасында болған басқа адамдардан аурудың белгісі жоқ болып шықты. 

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың 20 қарашасында өлген малдан сібір жарасының табылуына байланысты шаруашылықтың мал сою цехы аумағында карантин енгізілді. 

Өлген жануардың қасында болған 17 адам анықталып, олардан инфекция анықталған жоқ. Қазір олар инфекционистерге қаралып, динамикалық медициналық бақылауда.

Ветеринариялық бақылау мамандары карантиндік аймақта орналасқан малды толық вакцинация жасап аяқтады. Оған қоса аумақты дезинфекциялау жұмыстары жалғасып жатыр. 

Атырау облысына ірі қара мал әкелуді бақылау үшін төрт полиция және ветеринарлық бақылау бекеттері орнатылып, екпе жасалғанын растайтын құжаттар мен малдың жағдайы тексеріліп, термометрия жүргізіліп жатыр. Санитариялық қауіпсіздік мақсатында осындай шаралар Атырау қаласындағы мал сою цехтарында да ұйымдастырылды.

Қажетті құжаттарсыз жануарларды тасымалдауға және союға қатаң тыйым салынады.

Айта кетейік, тағы бір мал - осымен үшіншісі өлгені белгілі болды. Өлген сиырдың ұлпа үлгілері зертханалық талдауға жіберілді.

Дайындаған: Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.