Атырау, 25 қараша 14:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы жарық тарифі: қаласаң да, қаламасаң да - төмендету керек

2 015 просмотра


16 қарашада «Атырау Энерго Сату» ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОЩАТОВ баспасөз турының барысында журналистердің сауалдарына, атап айтқанда, 20 қарашадан бастап тұрғындар үшін электр энергиясының тарифін төмендету туралы сұрақтарына жауап берді.

- Тамызда табиғи монополияларды реттеу департаменті АЭС сататын электр энергиясының бағасына сараптама жүргізді. Содан кейін департамент қолданыстағы бағаны шекті деңгейге дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды шығарды.

Нәтижесінде АЭС «тұрғындар» тобы бойынша шекті бағаны - 5 қазаннан бастап бір кВт /сағ үшін 4,51 теңге деп бекітті. Тариф бір киловатт-сағатқа 80 тиын төмендеді. Айта кету керек, АЭС тарифі 2015 жылдың қаңтарынан бері көтерілген жоқ.

15 қазанда департамент Бас прокуратураның ұйғарымы бойынша бізден тарифтер бойынша құжаттарды сұратты. Міне, 13 қарашада күтпеген жерден департамент ағымдағы бағаны 20 қарашадан бастап 4,6 пайызға қайтадан төмендету қажеттігі туралы қорытынды шығарып отыр.

Баға белгілеу ережесіне сәйкес, дәлелді қорытынды шығарардан бұрын баға сараптамасы жасалуы тиіс еді, бірақ ол орындалмады... Қалай болғанда да, қазір біздің экономистер тұтынушылар тобы бойынша тарифтердің қаншалықты өзгеретінін есептеуде.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қараша 2018, 23:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.