Атырау, 25 қараша 14:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Депутаттар да ауырады

1 973 просмотра

АЖ" мұрағатынан алынған сурет

14 қарашада Атырау облыcтық мәслихатының депутаттық комиссиясы отырысында жергілікті денсаулық сақтау саласының жағдайы талқыланды. Бұл жерде құрғақ цифрлар да, халық қалаулыларының жеке шағымдары да және отырыс соңында, авторының пікірінше, бүкіл айтылғандарға нүкте қойған өткір сөз де болды.

Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА баяндама жасады. Атап айтқанда, ол біздің өңірдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,2 жас екенін (ел бойынша - 72,9) айтты. Жыл басынан бері ана өлімінің 1 жағдайы тіркелген (өткен жылы 2 жағдай болды). Нәрестелер өлімі 23% -ға азайып, ал туберкулез ауруына шалдығу 20%-ға артқан. Кейбір азаматтардың туберкулезге қарсы вакцинациядан бас тартуы  проблема болып отыр, жыл басынан бері 408 адам вакцинадан бас тартқан.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд 416 млн теңге бөлінді. 10 айдың ішінде бұл соманың 91%-ы жұмсалды. 1 шілдеден бастап облыста «Қағазсыз аурухана» пилоттық жобасы іске асырылуда, электронды денсаулық паспорттары жаппай енгізілді. Барлық емханаларда үйге барып медициналық көмек көрсететін мобильді дәрігерлік бригадалар  құрылды, нәтижесінде науқастарға қызмет көрсету жылдамдығы 63%-ға артты. Облыста 1 456 дәрігер бар, соңғы бес жылда дәрігерлердің жетіспеушілігі 175-ден 50-ге дейін төмендеді. 36 264 адам емхананы еркін таңдауды пайдаланған.

Депутат, «Атырау Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Оразғали ҚАРШЕГЕНОВ өз тәжірибесімен бөлісті:

- Инфаркт болған кезімде, сіздің облыстық ауруханада бірде-бір аппарат жұмыс істемеді. Санавиациямен Астанаға  ұшуға тура келді. Неліктен өз жұмысыңызды жоспарламайсыздар? Біз сіздерді жарық пен жылусыз қалдырмаймыз ғой! Сосын, емхананы еркін таңдау туралы айттыңыз. Мен Геолог ауылындағы емханаға тіркелгенімді кездейсоқ білдім, бірақ мен ешқашан ол жерде тұрған емеспін.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Ерболат УАИСОВТҢ айтуынша, облыс тұрғындарынан  “жедел жәрдем” көлігімен жеткізілген науқастарды ауруханалардың қабылдамай бермейтініне, басқа медициналық мекемелерге жіберуге тырысатындықтарына қатысты шағымдар түсіп жатыр екен. Бұдан басқа, медицина қызметкерлерінің дөрекілігіне қатысты көп шағымдар түскен.

Ал отырыс соңында бейнебайланыс арқылы қатысып отырған Жылыой ауданының депутаты:

- Көп сөз - боқ сөз. Ресейде емделіп жатқан РҚ азаматтарының жартысы - Атырау тұрғындары. Медиктерге  көбірек төлеу керек, сонда мәселе шешіледі, - деді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

16 қараша 2018, 20:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.