Бұл шара мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби шеберлігін, олардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Байқау сотта мемлекет атынан қылмыстық іс бойынша айыптауды қолдайтын ең білікті прокурорлардың өзегін қалыптастыруға көмектеседі.
Оған аудан, қала және облыстық деңгейдегі
519 прокурор қатысты.
Республикалық деңгейдегі финалистерді анықтау үшін сайыскерлердің ұсынған құжаттары зерделенді. Олардың сотта қатысу барысына аса назар аударылды.
Финалдық этапқа 22 мемлекеттік айыптаушы өтті.
Финалистер Құқық қорғау органдары академиясының алаңында өздерінің соттағы жарыссөздерін презентациялады, пікірсайысқа қатысты, қылмыстық және қылмыстық-процестік құқық бойынша білімін анықтайтын тапсырмаларды орындады, сонымен бірге әдеттен тыс жағдайларда шешімдер қабылдады.
Бұл конкурсқа қатысушылардың бәсекелестік қағидатын пайдалануын, олардың шешендік өнерін, сотталушының кінәсін сендіру және дәлелді дәлелдеу қабілетін, жедел ойлау деңгейін және басқа да құзыреттерді бағалауға мүмкіндік берді.
Байқау нәтижесінмен жеңімпаздар анықталды, олар
а.ж. 6 желтоқсанда Бас прокуратура ғимаратында өтетін «Прокуратура күніне» арналған жиында марапатталатын болады.