12-19 қараша аралығында Атырау облысында 76 қылмыс жасалды, олардың 73-і Атырау қаласында орын алған. Қылмыстық хроникада ұрлық (48) пен алаяқтық (9) көш бастап тұр. Полицияға 13 қарашада Индер ауданының Өрлік ауылында және 14 қарашада облыс орталығының Алмагүл ықшамауданында екі зорлау қылмысы жасалғаны туралы хабарланды.
Ұрлықтардың көпшілігі, бұрынғыдай, қоғамдық көлікте жасалады және олардың бәрі бірден ашыла қоймайды. Осындай ұрлықтың бірі Атырау тұрғынының қырағылы мен азаматтық жауапкершілігі арқасында ашылды. Зейнеткер №14 автобуспен келе жатып, ұрының жолаушының сөмкесінен әмиянын білдіртпей суырып алғанын көреді. Куәгер шу көтерместен салқынқандылықпен автобустан түскен қылмыскердің ізіне түсіп, қайда бара жатқанын бақылап, содан кейін «102» пультіне қоңырау шалған. Полиция ұрыны әмиянымен ұстады, әйелге 150 мың теңге көлеміндегі жалақысы қайтарылды. Ал батыл әрі айлакер қала тұрғыны кейінірек ҚІІБ бөлімінде марапатталды.
Фархат ӘБІЛОВ