Атырау, 15 наурыз 01:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

Күмәнді сөмке және ауладағы шу Басқа жаңалықтар

Күмәнді сөмке және ауладағы шу

6-13 мамырда Атырау облысында 78 қылмыс жасалған, оның 73-і облыс орталығында болған. Әдеттегіше ұрлық (58) көш бастап тұр. 13 мамырда ҰҚКД-не ТШО кеңсесінің жанына біреулердің қара сөмке қалдырып кеткені туралы дабыл түсті. Саперлер ол жерден жарылғыш зат таппады.   15 мамыр 2019, 11:03 3 134 рет қаралды
Атырау облысындағы орташа айлық жалақы – 322 мың теңге Басқа жаңалықтар

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы – 322 мың теңге

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы осы жылдың І тоқсанында 322 674 теңге болды. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 15,3%-ға көп. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысының Статистика департаменті хабарлады. Сурет 14 мамыр 2019, 17:52 4 822 рет қаралды
Тариф төмендеді Басқа жаңалықтар

Тариф төмендеді

Табиғи монополияларды реттеу департаменті Махамбет ауданының Махамбет ауылындағы сумен қамту тарифі текше метрі үшін 33% -ға, яғни, 110,6 теңгеден 74,18 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады. Департаменттегілер мұны былай түсіндірді: 9 ай бұрын аудан орталығын сумен қамтумен «Ғұмаров» ЖК айналыса бастаған. Сол кезеңде ол үшін тариф жеңілдетілген тәртіппен бекітілген. Ал қазір нақты мәліметтер бойынша ортақ тәртіппен есептеледі. 14 мамыр 2019, 19:14 2 386 рет қаралды
Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы Басқа жаңалықтар

Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы

Әлеуметтік желілерде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының шығар ауызынан полицейлердің «Chevrolet NIVA» мен «Лада-Niva» көлігін тоқтатқан бейнежазбасы таралған. Бейнежазбада анық көрініп тұрғандай, «Шевролеттен» Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің 7-басқармасының басшысы Бақытжан ҒҰБАЙДУЛЛИН шығып, полицейлердің құжаттарын және жүксалғышты тексеруіне мүмкіндік бермей тұр. Толықтырылды Бейнежазба 14 мамыр 2019, 11:10 5 891 рет қаралды
Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы

Мамырдың басындағы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіндегі кадрлық ауыс-түйістер Атырауға да келіп жетті. 14 мамырда комитет төрағасының орынбасары Талғат Мамаев мұнайлы астанаға келген сапарында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВТІ таныстырды. 14 мамыр 2019, 14:54 4 137 рет қаралды
Шын мықты жекпе-жекте олжа салар Қоғам

Шын мықты жекпе-жекте олжа салар

Жуырда Атырау облысы айтыскерлерінің арасында тұңғыш рет жекпе-жек айтыс жобасы басталды. Мақсаты - айтыстың қазіргі кезде сирек қолданылып жүрген жұмбақ, өтірік өлең, қайым айтыс секілді жанрларын қайта жаңғырту. Жобаның алғашқы жұбы ретінде исатайлық Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ пен тілшілеріңіз - Құрманғазы ауданы атынан шыққан Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 7 мамырда Құрманғазы ауданында, 9 мамырда Исатай ауданында айтысты. Бейнежазба 14 мамыр 2019, 12:15 4 892 рет қаралды
Ойын алаңын кім ойрандады? Басқа жаңалықтар

Ойын алаңын кім ойрандады?

Индер ауданының орталығы Индербор кентінде 2016 жылы 28 млн теңге бюджет қаржысына екі футбол алаңшасы салынды. Бір жылдан соң демеушілік қаржымен тағы бір алаң пайдалануға берілді. Алайда арада аз уақыт өтсе де, үш алаңның да жасанды көгалдары сыпырылып, қоршаулары бұзылыпты. Сурет 14 мамыр 2019, 10:31 2 976 рет қаралды
Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді Басқа жаңалықтар

Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді

«Жусан-2» арнайы операциясы туралы ҚР СІМ баспасөз конференциясында 7 және 9 мамыр күндері Сириядан қайтарылған 231 қазақстандықтың 20-сы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жағында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен тұтқынға алынғаны хабарланды. Олардың алтауы – 4 ер адам мен 2 әйел тергеу жұмыстарын жүргізу үшін этаппен Атырауға жіберілді. 14 мамыр 2019, 09:58 3 553 рет қаралды
АЖЭО жаңартылады, бірақ тариф көтерілмейді Басқа жаңалықтар

АЖЭО жаңартылады, бірақ тариф көтерілмейді

Қазақстанның электр энергетикасы нарық кеңесінің президиумы Атырау ЖЭО-ның жаңа инвестициялық бағдарламасын мақұлдап, оны ҚР Энергетика министрлігіне қарауға жіберді. Бұдан кейін өңіріміздегі электр энергиясының тарифі көтеріліп кетпей ме? «АЖ» «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВҚА сұрақтар қойған еді. 13 мамыр 2019, 17:15 3 057 рет қаралды
Дон «Дракон» Уилсон Атырауда Басқа жаңалықтар

Дон «Дракон» Уилсон Атырауда

Облыстық спорт және дәстүрлі каратэ-до федерациясы мен «Қайсар» спорт клубының шақыруымен киножұлдыз, кәсіпқойлар арасында кикбоксингтен 11 дүркін әлем чемпионы, «Айдаһар» атанған Дон УИЛСОН Атырау жеріне келді. Ол федерация және клуб шәкірттері үшін мастер-класс өткізді. Сурет Бейнежазба 13 мамыр 2019, 10:59 3 961 рет қаралды
Атырауда 13-17 мамырда ыстық су болмайды Басқа жаңалықтар

Атырауда 13-17 мамырда ыстық су болмайды

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! 13 мамыр мен 17 мамыр аралығында жылу шығындарын анықтау үшін  жылу жүйелерінде сынақтар жүргізіледі. Осы кезеңде тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылады. 4 мамыр 2019, 17:17 4 599 рет қаралды
Жайықты зерттеуге конкурс жарияланды Басқа жаңалықтар

Жайықты зерттеуге конкурс жарияланды

Мемлекеттік сатып алу сайтында «Жайық өзеніндегі тіршілік ортасының жай-күйі және оның ихтиофаунаға әсерін бағалау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу» конкурсы жарияланған. Тапсырыс беруші - Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасы, құны - 71 млн теңге. 10 мамыр 2019, 17:14 3 023 рет қаралды
Қызмет ету және қорғау жолында жан қиғандар Басқа жаңалықтар

Қызмет ету және қорғау жолында жан қиғандар

Атырауда суға батып бара жатқан әйелді құтқару кезінде қаза тапқан полиция сержанты Шалқар АҚЫМҒАЛИЕВ III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы полицейдің анасына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев табыс етті. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен оның серігі Рүстембек СҮНДЕТОВ ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ресми шараға Атырау облысының бұрынғы әкімі, қазіргі мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов, генерал-лейтенант Абай Тасболатов және полиция ардагерлері қатысты. Сурет 10 мамыр 2019, 16:00 3 669 рет қаралды
Футболка үшін Басқа жаңалықтар

Футболка үшін

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 9 мамыр күні таңертең Атыраудағы Авангард ықшам ауданының соңғы аялдамасында полицейлер прокуратура қызметкерлерімен бірге екі азаматтық белсенді Дарья ОЛЖАҒАЛИЕВА мен Дианара МҰҚАТОВАНЫ ұстады. Олардың үстерінде «Шындық» және «Правда» деген жазулары бар ақ футболка болған еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 21:22 6 982 рет қаралды
Фин концлагері және бүкіл ғұмыр Басқа жаңалықтар

Фин концлагері және бүкіл ғұмыр

Атырауда сәби шағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фин концлагерінде болған Екатерина АБАТЫРОВА тұрады. Ол өзінің соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өмірінің ауыр кезеңдері туралы «АЖ» тілшісіне әңгімелеп берген еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 09:00 3 976 рет қаралды
Жалғансайлық батырдың жанқиярлық ерлігі Басқа жаңалықтар

Жалғансайлық батырдың жанқиярлық ерлігі

«Взвод командирі Ж. Жұмашев 1944 жылғы 14 шілдеде Любомль қаласына алғаш кіріп, бір өзі автоматымен он тоғыз солдаттың көзін жойды, үшеуін тұтқынға алды…» - бұл Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Жәміл ЖҰМАШЕВТЫ ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапаттау парақшасында жазылған мәлімет. Батыр туралы осы және басқа да мәліметтерді, сондай-ақ «Совет Одағының батыры» атағына ұсынған құжатты туыстары тек 70 жылдан соң ғана тапқан екен. 8 мамыр 2019, 10:53 4 528 рет қаралды
Ардагерлер азайып бара жатыр Басқа жаңалықтар

Ардагерлер азайып бара жатыр

Ұлы Жеңіске 74 жыл. Отан соғысы ардагерлерінің қатары жылдан жылға сиреп барады. Жақында ғана өңірімізде жүздеген ардагер бар еді, қазір 15 адам қалған: 13-і Атырауда, Жылыой мен Махамбет аудандарында бір-бірден және концлагерьдің бір тұтқыны мен бір жауынгер жесірі бар. Әрқайсысы туралы атын атап, таныстырған артықтық етпес. 8 мамыр 2019, 10:26 6 736 рет қаралды