Атырау облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Зайнеденұлы Тұхфатов Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бауыржан Тұхфатов 1967 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген.
1985 – 1992 жылдары В.И.Ленин атындағы Ресей энергетикалық институтында «Инженер-электрик» мамандығы бойынша білім алған. Ал 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономика және басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. «Техника ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 1992 жылы «Атырау Жарық» АҚ-да инженер болып бастаған. 2004 жылға дейін аталған компанияда әр түрлі қызметтер атқарды: апатқа қарсы автоматтық орталық қызметінің жетекшісі, орталық қызметі бастығының орынбасары, өндірістік-техникалық қызметінің бастығы – Бас инженердің орынбасары, метрологиялық қызмет бастығы – Бас метролог, бірінші вице-президенттің орынбасары – Бас инженері.
2006-2013 жылдар аралығында «ОблТрансГаз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры, 2013 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, 2014 жылы Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2017-2018 жылдары Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі