Атырау, 22 қараша 10:00
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда инфекция жұқтырған 3 адам туралы ақпарат

4 921 просмотра

  

Ауру жұқтырғандардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелді. Оның ішінде екеуі 23 жəне 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер адам, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Үш науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып,  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық,
бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 
10.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 45 адам анықталды.

10 сәуір 2020, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.