Олардың барлығы бұрын инфекция жұқтырған 50 жастағы әйелмен байланыста болған, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабы.
Бүгін, 11 сәуірде Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 59 адамға жетті.
Штабтың хабарлауынша, CAVID-19 инфекциясын тасымалдаушы 9 адам Жылыой ауданындағы Ватернас вахталық кентіндегі Теңіз кен орнында анықталған. Жұқтырғандар - бұрын коронавирус анықталған ТШО-ның тікелей емес мердігер мекемесінің 50 жастағы қызметкерімен ықтимал байланыста болғандар қатарынан.
Әйелмен барлығы 9 жақын және 53 ықтимал қарым-қатынаста болғандар анықталды.
Атырауда ықтимал байланыста болғандар арасынан да екі жұқтыру оқиғасы анықталды.
Қазіргі уақытта іс-қимыл алгоритміне сәйкес, ауру жұқтырғандардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем алуда.
Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, 8 сәуірден бастап Теңіз кен орнының Ватернас вахталық кентіне 14 күнге карантин енгізілді. Байланыста болған адамдар үшін 109 орынға арналған жеке тұрған үш қабатты ғимаратта карантиндік стационар ашылды.