Атырауда бұрын науқастармен байланыс жасаған барлық жаңадан тіркелген адамдар карантиндік оқшаулауда болған деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Ауру жұқтырғандардың 2-уі Атырау қаласынан, 9-ы Жылыой ауданынан тіркелді.
Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.
Қазір науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
11 сәуірге дейін өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 адам анықталды.