Әлеуметтік желіде Теңіз кенішінде вахта қалашығындағы коронавирус инфекциясы анықталған адаммен бірге жүрген әріптестердің тексеруден өтіп, теріс нәтиже шыққаннан кейін түсірілген бейнежазба таралды. Әйелдер оны мерекеден бетер атап өтті. Оларды да түсінуге болады. Бірақ бәрі сондай оңай болмай тұр.
Осыған байланысты облыс әкімдігі жанынан құрылған төтенше жағдай режимін сақтау штабының берген жауабында бейнежазбадағы әйелдер: «ТЖ және карантинге байланысты қойылған санитарлық талапты бұзып, оқшаулау орнынан шығып, медицина қызметкерлерінің талабына бағынбаған» делінген.
Иә, солай...
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА