Атырау, 15 қазан 10:59
 дождьВ Атырау +15.6
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Жалған құжаттармен 251 миллион теңгені жымқырған кәсіпкер ұсталды

72 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқыру фактісінің жолын кесті.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті өз бақылауындағы екі компанияны — «Агрокомплекс АРСЕН» ЖШС мен «ОнегеАгроСервис» ЖШС-ін пайдалана отырып, заңсыз схема ұйымдастырған. Инвестициялық субсидия алу үшін уәкілетті органға жалған құжаттар ұсынылған.

Жалған орындалған жұмыстар актілері мен қолдан жасалған төлем тапсырмалары Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдеу технологиясына негізделген суару жүйелері салынғанын көрсетуге тиіс болған.

Жалған есептердің негізінде бюджеттен аталған ЖШС-тердің шоттарына 251 миллион теңге аударылған. Кейін бұл қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігін күдікті тұрғын үй сатып алуға жұмсаған.

Сот санкциясымен сатып алынған жылжымайтын мүлікке тыйым салынды. Қаражатты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мәліметтері жария етілмейді.

Бүгін, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.