Атырау, 25 шілде 19:22
 дождьВ Атырау +39.1
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

АМӨЗ-дегі өрт алыстан байқалды

5 409 рет қаралды


Бүгін, 10 сәуірде түскі сағат 12.00 шамасында АМӨЗ-дің ақырын кокстау жабдығында өрт шықты. Қою қара түтінді Атырау тұрғындарының көбі байқаған.

-Бүгін АМӨЗ аумағында ақырын кокстау жабдығында 10  шаршы метр көлемінде мазут жанды, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі. – Өрт 12:24-те ауыздықталып, 12:27-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Көк түтінге қарамастан, зауыттағы өндірістік жұмыс қалыпты жүруде.

Фархат ӘБІЛОВ 

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

10 сәуір 2020, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.