Атырау, 22 қараша 09:56
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Карантинге жабылғандардың ас мәзірі

5 475 просмотра



Соңғы кездері әлеуметтік желіде карантинге орналастырылған адамдар ас мәзірінің сапасы нашар деп шағымданып жүр. Осы тақырыпты  «АЖ» анықтап көрді.

Алдымен дайын ас қалай жеткізіледі, содан бастайық. «Комфорт-С» ЖШС дайын асты карантин аймағының шекарасына дейін жеткізеді, сол жерден оны медицина қызметкерлері алып кетеді. Бір күнге  тамақтану құны 2600 теңгеге шығады. Оның 600 теңгесі  таңғы асқа, 1000 теңгесі түскі асқа және 1000 теңгесі кешкі асқа бөлінген.

-Қазір Атырау қаласындағы карантиндік стационардағы тамақтандыру ондағы адамдардың шағымы мен өтініштері ескеріліп ұйымдастырылған.  Жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Комфорт-С» ЖШС таңдалды. Осылайша 200 адам тамақтанып отыр, - деп жауап берді «АЖ»-ға ТЖ режимін сақтау штабының мүшесі, Атырау қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ.

Тамақтандырумен қамтып отырған серіктестік шығыс елдері асын әзірлеуге маманданған.  Тағамдарды тәжірибелі 4 аспаз дайындайды.  

-Ас мәзірі күн сайын жаңарып тұрады, тағамдардың барлығы арнайы құтыларға салынған, әрқайсысына бір рет пайдаланатын ыдыс қарастырылған.  Карантиндік стационарға жеткізілетін тағамдардың сапасы алаңдаушылық тудырмайды, - деп сендірді Тінәлиев.  

«АЖ» тілшісі ас мәзірімен танысып көрді. Расында тамақтары жақсы – таңғы асқа ботқа, гамбургер, самса, түсте – екі ыстық тағам, мәселен, дүйсенбі күні ет қосылған күріш сорпасы және тауық еті қосылған қарақұмық ботқасы, сенбі күні – палау және фрикаделькадан дайындалған сорпа беріледі. Көкөніс, салат және ыстық сусын күнде ұсынылады.

Бір қуантарлығы, қазір Атырауда карантиндік стационарға азық-түлік, ыстық тағам және оны жеткізу үшін демеушілік қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер аз емес.

Фархат ӘБІЛОВ 

Шұғыл штаб ұсынған сурет

10 сәуір 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.