Атырау, 24 қараша 11:12
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңіз вахталық кентiнде екі апталық карантин режимі енгізілді

4 845 просмотра


Теңіз кенішіндегі Ватернас вахталық кентінде екі апталық карантин режимі енгізілді, деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабы.

Соның алдында Ватернас кентінің қызметкерлерімен карантинде болу шарттары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Бұл туралы Ватернас вахталық кентіне қызмет көрсететін компанияның ресми өкілі айтты. Дереккөздің айтуынша, Жылыой ауданының СЭС бас дәрігерінің карантин режимін енгізу туралы ресми қаулысы шыққаннан кейін, 10 сәуірде оқшаулау блогы үшін карантин режимінің шарттары түсіндірілген.

Қызметкерлермен «Кентек» компаниясының («Теңізшевройл» ЖШС-нің базалық бизнес және ККЖ бойынша мердігері), сондай-ақ Ватернас вахталық кентінің басшылығы кездесті.

- «Кентектің» екі жүзге жуық қызметкері сұрақтар қойып, карантин режимінде өздерін оқшаулау туралы қажетті ақпаратты алды, - деді «Аспан Қашаған» ЖШС-нің жоба менеджері Әсем Ахметова.

Қазіргі уақытта күн сайын карантиндік объектінің тұрғын блоктарына курьер арқылы ең қажетті тауарлар жеткізіліп тұрады. Медициналық маскалар жеткілікті, карантиннің алғашқы күндерінде қорғаныс құралдарын жұмыс беруші, сонымен қатар, Ватернас вахталық кентінің басшылығы берді және күн сайын беріліп тұрады.

Вахталық кентте екі дәрігер, фельдшер және санитарлық дәрігер бар. Байланыста болған адамдардың анализдерiн арнайы қорғану костюмін киіп, медициналық мекемелердің өкілдерімен бірлесіп алады.  

- СЭС ұйғарымына сәйкес, тамақ бөлмелерге бір рет қолданылатын ыдыспен жеткізіледі. Кеше таңертең СЭС-пен ахуалды қосымша талқылау мәселесіне байланысты тамақпен қамтамасыз ету бойынша ағаттықтар болды. Бірақ бұл мәселе дереу шешіліп, камптың барлық тұрғындарын тамақпен қамтамасыз ету мәселесі реттелді, - деді Әсем Ахметова.

СЭС ұйғарымына сәйкес, карантинге жатқызылған адамдар толығымен оқшаулануы тиіс. Сондықтан, карантин кезеңінде байланыста болмау үшін тазарту жұмыстарын тұрғындардың өздері жүргізеді.

Үй-жайларды тазарту және дезинфекциялау үшін барлық қажетті материалдар мен антисептикалық заттар ұсынылған. Әр бөлмеде санитайзерлер бар.

- Ватернас вахталық кентінің әкімшілігі ахуалды «Кентек» ЖШС, «ТШО» ЖШС, Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментімен, сондай-ақ жергілікті билік өкілдерімен бірге бақылайды. Алдағы уақытта да кент қызметкерлерінің карантин режимін сақтау шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасады, - деп сөзін түйіндеді Әсем Ахметова.


12 сәуір 2020, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.