Атырау, 11 сәуір 09:30
 бұлттыВ Атырау +11
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Инфекция жұқтырған 2 жағдай туралы ақпарат

3 636 просмотра


Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан тіркелді.  Барлығы да  коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Инфекция жұқтырғандар- 1963 жылғы ер адам мен 1973 жылғы әйел адам.

Олардан зертханалық сынамалар алынып,  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

10.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 47 адам анықталды.

(10.04.2020 жылғы сағат  20:15 мәлімет бойынша)


10 сәуір 2020, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.