Атырау, 5 қыркүйек 17:31
 дождьВ Атырау +30.3
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Оқиға

Оқиға

Ашкөзденген ревизор және оралмандарға арналған «жәрдемақы»

Қаржы полициясындағы өткен жылдың қорытындысына арналған баспасөз конференциясында жалған кәсіпкерлік, көші-қон департаментіндегі айла-шарғылар және алуан түрлі пара алушылықтар туралы әңгіме қозғалды. 2 ақпан 2011, 00:00 3 875 рет қаралды
Оқиға

Қожайындары құтқара алмады

29 қаңтарда №2 қалалық сот өткен жылдың қазан айында ұсталған ресейлік браконьерлерге үкім шығарды. Естеріңізде болса, 24 қарашада жүргізілген рейд кезінде Каспий теңізінде екі байда қайығымен балық аулап жүрген 6 РФ азаматтары (дағыстандықтар) қолға түсті («АЖ» №43, 2010 жыл-«Қожайынға қоңырау шалар ма еді...»). 2 ақпан 2011, 00:00 3 494 рет қаралды
Қорымды қорлағандар жауапқа тартылуда Оқиға

Қорымды қорлағандар жауапқа тартылуда

«АЖ» газетінің өткен нөмірінде біз мұсылман зираттарын қорлаған жеті күдіктінің ұсталғандығын хабарлаған болатынбыз. Олардың барлығы да дәстүрлі емес исламдық бағытты қолдаушылар болып табылды. 2 ақпан 2011, 00:00 4 557 рет қаралды
Оқиға

Жүргізуші мүрдені зиратқа жасырмақшы болды

Жаяу жүргіншіні өлімші етіп қағып, қылмыс ізін жасырмақшы болған 30 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы ІІД-де өткен брифингте жауап алу басқармасының бастығы Қалыбай ТӨЛЕУЛИЕВ хабарлады. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 434 рет қаралды
Мұсылман зираттарын қорлады деп күдіктелген жеті адам ұсталды Оқиға

Мұсылман зираттарын қорлады деп күдіктелген жеті адам ұсталды

Криминалдық полицияның жедел топ қызметкерлері үшін мұсылман зираттарын қорлаған деп күдіктелген топты ұстау үшін бір аптадан сәл астам уақыт қажет болды. Естеріңізге салайық, белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратынан 15 бейітті қорлап, Элекватор ауданындағы зиратта тағы 16 бейітті қиратып кеткен еді. Полиция «Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 589 рет қаралды
Оқиға

Қашқындарды сол күні ұстапты

6-шы қаңтарға қараған түні тергеу изоляторынан қашып кету фактісі орын алған. ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қамауда отырған үшеу (екеуі 1981 жылы туылған және біреуі 1977 жылы туылған) тергеу изоляторынан таңғы сағат бестерде ғайып болған. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 518 рет қаралды
Оқиға

Қашуға күйзеліс түрткі болған

17-қаңтарда, Атыраудағы тергеу изоляторындағы төтенше оқиғадан кейін редакцияға жолдары болмаған қашқындардың бірі Дмитрий БАКИРОВТІҢ анасы мен жұбайы хабарласты. Олар оған тағылып отырған қылмыс бойынша істің жағдайын әңгімелеп берді. 20 қаңтар 2011, 00:00 4 157 рет қаралды
Мұсылман зираттарын қорлаған кімдер? Оқиға

Мұсылман зираттарын қорлаған кімдер?

Өткен демалыс күндері белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратындағы он бес бейітті қорлаған. Зират қызметкерлері мұны 15-ші қаңтарда байқапты. Бұзақылар қатар жатқан бейіттердегі марқұмдардың бейнелері салынып, аты-жөндері жазылған мәрмар тақталарын қиратып тастаған. Бәрін бірдей емес, іріктегендей зират жақтан бағдарлағанда орталық ауыздың оң жағындағы бейіттерді талқандапты. Тақталардың беткі жағына әлдебір қызыл сұйықтық жағып тастаған. Қылмыс болған жерге полиция қызметкерлері келіп, саусақ таңбаларын алып, суретке түсіріп алды. 20 қаңтар 2011, 00:00 13 741 рет қаралды
Оқиға

Қаққан соң «аурухана іздеуге» аттаныпты

Өткен аптада Доссорда «Дэу-Нексия» көлігінің жүргізушісі 13 жасар қыз баланы қағып кеткен. Оны бірден ауруханаға апарудың орнына, ол оны көлігіне мінгізіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған, - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. 6 қаңтар 2011, 00:00 4 746 рет қаралды
Оқиға

Қыздың өлімі үшін медиктер айыпталуда

Мақат аудандық ауруханасында 10 жасар қыз баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралуда. Қыздың туысқандары уақытында медициналық көмек көрсетілсе, сәбиді құтқарып қалуға болатындығына сенімді. 6 қаңтар 2011, 00:00 4 361 рет қаралды
Біліксіздіктен туындаған «сыздауық» Оқиға

Біліксіздіктен туындаған «сыздауық»

Тазалық пен сыпайылық дұрыс емге кепілдік емес Осы материалды дайындау барысында маған медиктердің тағы да өз реніштерін білдіретіні қайта-қайта ойыма орала берді. Сеніңіздер, ең қиын мамандықтардың бірінің өкілдерін ренжіткім-ақ келмейді. Олардың басым бөлігі біздің денсаулығымызды сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын өз істерінің мамандары. Алайда біреудің салдыр-салақтығынан немесе ақшаға құныққандықтан адам денсаулығынан айырылып жататын сұмдық фактілерден айналып кетуге болмайды. Оның үстіне ақталуға мәжбүрлесе жанды ауыртатыны сол. 29 желтоқсан 2010, 00:00 17 075 рет қаралды
Өкініш құны - 180 миллион Оқиға

Өкініш құны - 180 миллион

№7 «Күншуақ» балабақшасының (СМП-136) мемлекеттік меншікке қайтарылуына байланысты сыбайлас қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Бір кездері бұл істі тергеуді тіпті, бір тұлғаға қатысты басып тастауға тырысқандары белгілі болды. 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 815 рет қаралды
Атыраулық екі шенеунік айыпталуда Оқиға

Атыраулық екі шенеунік айыпталуда

Астанада сот ҚР балық шаруашылығы комитетінің бұрынғы екі төрағасына қатысты істі қарауда. Республикалық ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша, аталмыш мекеменің бұрынғы басшысы Қанат СҮЛЕЙМЕНОВКЕ қатысты қозғалған қылмыстық істің материалы сотқа жолданды 22 желтоқсан 2010, 00:00 5 329 рет қаралды
Оқиға

Сот Дәулетовті қамауға рұқсат бермеді

9 желтоқсан күні қалалық сот Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Марат ДӘУЛЕТОВТІ қамауға алуға рұқсат беру туралы прокуратура өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 4 096 рет қаралды
Оқиға

«Шлюмбержеге» қарсы іс тоқтатылды

Компания миллиард теңгеден астам салықты өтеді. 2009 жылдың көктемінде салық комитеті тексеру жұ-мыстарының нәтижесінде жалпы сомасы 800 миллион теңгеден астам мөлшерде үстеме салық және оған қоса 372 миллион теңге сомасында өсім төлеуге тиіс екендігі туралы «Шлюмберже» компаниясына хабардар еткен еді. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 900 рет қаралды
Оқиға

Сот Дәулетовті қамауға рұқсат бермеді

Кеше қалалық сот Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Марат ДӘУЛЕТОВТІ қамауға алуға рұқсат беру туралы прокуратура өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сол аралықта молдавиялық бизнесмен Сергей КОРНЕГРУЦАНЫҢ жанжалды түрде «түрмеден қашуы» жөнінде кейбір жайттар белгілі болды. 10 желтоқсан 2010, 00:00 4 250 рет қаралды