Полиция қызметкерлері орталық «Ноғай» мұсылмандар зиратындағы бейіттерді қорлады деген күдіктілерді ұстады.
ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Амандық МҰҚАШЕВТЫҢ айтуынша, бес күдікті ұсталған, тағы екеуі қашып жүр екен. Барлығы да 1990-1991 жылы туылған жас жігіттер, оның екеуі студенттер, қалғандары жұмыс жасамайды. Бұлар да алдыңғы оқиғадағы ұсталғандар секілді, дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар көрінеді.
Естеріңізге салайық, «Ноғай» зиратында 15 бейіт қиратылған болатын. Алайда марқұмдардың туысқандарының барлығы дерлік полицияға арызданбаған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тиісті арызбен келуді немесе алдын ала 98-20-12 және 98-15-35 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.
Лев ГУЗИКОВ