Атырау, 26 желтоқсан 13:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Өкініш құны - 180 миллион

4 312 просмотра

№7 «Күншуақ» балабақшасының (СМП-136) мемлекеттік меншікке қайтарылуына байланысты сыбайлас қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Бір кездері бұл істі тергеуді тіпті, бір тұлғаға қатысты басып тастауға тырысқандары белгілі болды.

Естеріңізге сала кетелік, 2008 жылы шенеуніктер бір кездері бизнесмендердің біріне су тегінге сатылған балабақша ғимаратын мемлекетке қайтаруды көздеген болатын. Қағаз жүзінде кәсіпкер ол балабақшаға жөндеу жүргізген делінгенмен, бәрібір күрделі жөндеуге зәру екендігін өздеріңіздің тілшілеріңіз өз көзімен көріп те қайтты. Оның үстіне 2007 жылы ол ғимарат өртке оранған еді. Алайда, бұл бюджеттің 180 миллион теңгесін («АЖ» №8 «Өртенген балабақша үшін бөлінген 180 миллионды кімдер жымқырды?») салған шенеуніктерді тоқтата алмады. Нәтижесінде қаржы полициясы 176-шы бап бойынша (мүлікті ұрлау) қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Қайрат ХАБИЕВТІ қылмыстық жауапкершілікке тартты. Тергеу болжамы бойынша, балабақшаның нақты құны ғимарат сатып алынған бағадан барынша төмен болған. Ал, кейін сол «алтын» балабақшаны сатушы «ДҮТМАҒАМБЕТОВА А.А.» ЖК-не қарсы «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. 

Осыдан екі айдай уақыт бұрын біз прокуратурадан осы қылмыстық істің тергеу барысымен  ауызша танысып білуді мақсат еткенбіз, бірақ, жалтарма жауаптар алдық. Ақыры, қаржы полициясына және бақылаушы органдарға ресми сауалнамалар жібергеннен кейін ғана мына жайларды анықтауға қол жеткіздік. 28 тамызда СЖжЭҚКД-не Қ.Хабиевке қатысты қылмыстық істі тоқтату жөнінде қаулы шығарған екен. Онда «өз ісіне өкінуіне және келтірілген зиянды толық көлемде өтеуіне байланысты» делінген және «Бүгінгі күні келтіріліген залал орыны жұмыстардың орындалуы жолымен толық өндірілді және балабақша пайдалануға берілді делінген. Қабылданған шешіммен Атырау облысының прокуратурасы келісті».

Кәсіпкер Дүтмағамбетов туралы бір ауыз сөз жоқ. Алайда, 15 қазанда тергеушінің қаулысы сол прокуратураның шешімімен бұзылып, қылмыстық іс СЖжЭҚКД қайтарылды. Күні бүгінге дейін ол іс соларда тергелуде. Ол қиюы келмейтін іске айналды...

Айтпақшы, енді мүліктің ұрлануы туралы (ҚР ҚК 176-бабы) әңгіме тіптен басылып қалды. Облыс прокурорының орынбасары Қайрат ӘБДІХАНОВТЫҢ қолы қойылған қаулыны бұзу жөніндегі хабарламада енді басқа бір бап- 307-ші баптың 2-ші тармағын («Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану») көрсетілген. Шамасы, тергеу барысында қайта өзгерткенге ұқсайды.

Жалпы, қызықты картина өрбіген сияқты. Сонда жауапқа тартылған шенеуніктің «өз жасағанына өкінуі» және залалдың орынын толтыруынан мәселенің шешіле салғаны ма? Қалайша, қылмыстық қудалау туралы ұмытуға болады? Бұл туралы қолданыстағы заңдар нормалары не дейді? Осыған түсінік алу үшін біз адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВҚА  жолықтық.   

«ҚР Қылмыстық кодексі қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату үшін бес ақтау шарасының негізін қарастырады. Қылмыстық істің тоқтатылуы алғашқы жасалған қылмысынан кейін өз еркімен мойындап келген кезде немесе қылмысты ашуға септігін тигізген не болмаса басқа бір жолдармен келтірілген зиянды жапқан тұлғаларға қатысты  тоқтатылатын болады. Бұл жағдайда жасалған қылмыс шағын немесе орташа ауырлық санатында болуы тиісті. Сондай-ақ, жоғарыда аталған барлық жағдайлардың болғанына қарамастан істің тоқтатылуы міндет емес, қылмыстық қуғындау органының құқығы боп табылады», - деп түсінік береді ол.   

Ал енді оны тарқатып көрелік. Аса ауыр емес қасақана жасалған қылмыс бойынша жоғары санкция екі жылға дейін бас бостандығынан айыру бабын қарастырады, орташа ауырлық санаты бойынша бес жылға дейін болады. Ал, бастапқыда қылмыстық іс көтерген 176-баптың 3-ші бөлімі бойынша (ірі мөлшердегі мүлікті иеленіп кету) санкция он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Демек, ол ауыр қылмыс санатына жатады және айыпталушы қанша өкінгенімен қылмыстық істің тоқтатылуы мүмкін емес. Оның есесіне 307-баптың 2-бөлімі дәл осы орташа ауырлық дәрежесіне жатады. Міне, сізге ағынан жарылып опыну және шығын орынын толтыру, тергеудің мейірімділік танытуы деген осы.

Біз міндетті түрде осынау қызықты істі тергеу мәресіне жеткенге дейін көзден таса қылмайтын боламыз.

Лев ГУЗИКОВ

Сурет В. Истоминдікі

 

P.S. Осы айдың басында облыстық әкімдіктебілім беру және денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланған болатын. Баяндамашы, құрылыс басқармасының бастығы Зейнолла МАНЕНОВ Атырауда желтоқсан айының аяғында балабақшаларға қосымша салынған 12 құрылыс нысаны, оның ішінде №9 («АЖ»№49, «Жаңа жылда жаңа құрылыс нормалары мен ережелері») балабақшаның жалғама нысанының құрылысы аяқталатындығын атап өтті. Алайда, №9 балабақшаның жанама нысанының тек қана қағаз жүзінде екендігін қатысып отырғандардың білуі неғайбыл. Тағы бір қылмыстық іс пе?

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.