Атырау, 26 қараша 00:32
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Есептен жаңылған полицейлер

3 030 просмотра

Құрманғазы аудандық прокуратурасы жергілікті полицейлердің қылмыстық істі жасыратынын анықтап, шара алған болатын.

Сонымен өткен жылы жергілікті полицейлер 16 қылмысты есептен жасырып, «тығып» қойыпты. Қылмыс туралы арыз, шағымдарды тіркеу барысында және қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімдер қабылдау кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол бергені анықталып отыр. Нәтижесінде прокуратураның араласуымен алты іс тергеу қорытындысымен сотқа жолданса, екеуі ақтамайтын негізбен өндірістен қысқартылған, жетеуі өндірістен тоқтатылған.

‑Адамдардың арыз, шағымдарына салғырт қараудың осындай фактілері анықталып отыр. Мәселен, өткен жылы Байда селолық округінің тұрғыны С. Ароновтың тұрғын үйінен «АБ‑1» су соратын маторының ұрланғандығы жөнінде арыз түскенімен полицейлер ыждағаттылық танытпаған. Жәбірленушіден түсініктеме алған полицияның одан арғы ісі көмескіленіп кеткен. Сөйтсе іс тіркелмеген болып шықты. Бүгінде прокуратураның ықпалымен іс қозғалып, ұрлықшы ұсталған. ҚР ҚК 175 бабы 2 бөлігі «в» тармағымен қылмыстық іс көтерілуде,‑дейді Құрманғазы ауданы прокорының көмекшісі Магилан ЕРКІНҰЛЫ.

Сөйтіп прокурорлық ықпал ету негізінде 15 лауазым иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.