Атырау, 6 қазан 16:22
 дождьВ Атырау +19.7
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Үш бойжеткен шырша ұрлапты

5 595 рет қаралды

24-ші желтоқсанға қараған түні үш бойжеткен жаңажылдық шыршаны «шешіндіруден» басқа ермек таппаған секілді.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, 24-ші желтоқсан күні шамамен түнгі сағат 3-терде құрамында аға лейтенант Алмат Хайрушев пен сержант Ерсін Қожахмет болған «Тосқауыл-1» патрульдік экипажы қызықты көрініске тап болған. Привокзальныйдағы «Арбатта» үш қыз жаңажылдық шыршаның ойыншықтарын алып жатқан екен. Полицейлер оларды ұстап, ҚІІБ-не жеткізген. Олардың облыс орталығына Құлсарыдан келгендігі, бірінің түнгі клубта жұмыс істейтіні, қалғандарының өз күндерін өздері көріп жүргені анықталған. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

30 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.