Атырау, 26 қараша 00:23
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қожайындары құтқара алмады

2 980 просмотра

29 қаңтарда №2 қалалық сот өткен жылдың қазан айында ұсталған ресейлік браконьерлерге үкім шығарды.

Естеріңізде болса, 24 қарашада жүргізілген рейд кезінде Каспий теңізінде екі байда қайығымен балық аулап жүрген 6 РФ азаматтары (дағыстандықтар) қолға түсті («АЖ» №43, 2010 жыл-«Қожайынға қоңырау шалар ма еді...»). Ұсталғандардан ау құралдары, навигациялық құралдар және 109 келі бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді.

Табиғат қорғау прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИННІҢайтуынша, сот шектес жатқан мемлекет азаматтарын браконьерлікке айыпты деп танып, олардың әрқайсысына бір жыл бас бостандығынан айыратын және жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарған. Тәркіленген заттай айғақтар мемлекетке тапсырылды. Бұдан басқа, 700 мың теңге көлеміндегі мемлекетке келтірілген зиянды өндіріп алу жөніндегі прокурорлық ұйғарым қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, сондықтан да кері шағымдануға болады.

Айтпақшы, ұсталған алтаудың төртеуі– Н.А.Дорогокупля, А.В Глазов, С.С.Плаксунов және О.В.Глущенко ғана жазаларын алды. Қалған екеуінің тағдыры жеке қаралатын болады. Олардан кейін ұсталған тағы бір құрамында 11 дағыстандық бар екінші топты да сот күтіп тұр. Сол кезде полицейлік арнаулы жасақпен болған атыста екі браконьер қаза болған еді.  

Лев ГУЗИКОВ

2 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.