Атырау, 26 қараша 02:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Облыс прокуроры Б.Сматлаев: «Шарифолла Сайфуллин есірткі және қару-жарақпен қолға түсті»

5 848 просмотра

Біздің тілшіміз Л.Гузиковтің сауалдарына Атырау облысының прокуроры Бауыржан СМАТЛАЕВ жауап береді.

ТҮРМЕДЕН ҚАШУ

- Бауыржан Мамытбекұлы, 16 қаңтарға қараған түні тергеу изоляторынан қамауда отырған  үш адам қашып шыққан. Оларға ондай мүмкіндік қалай туды? Оларды біршама пара алып, жай ғана қыдырып келуге жібергендігі ал, олардың белгіленген мерзімде қайта оралмағандығы туралы алып-қашпа әңгіме қаншалықты рас?    

- Түрмеден қашуға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар тұлғалар сот санкциясымен қамауға алынды. Оларды қандайма бір сыйақы үшін босатып жіберді деген алып-қашпа әңгіме әзірге дәлелденбей отыр. Қашуға қатысты жайттар тергеу құпиялылығына байланысты БАҚ-да жариялануы мүмкін емес.

ШАРИФОЛЛА ТҰТҚЫНДАЛДЫ

-Желтоқсан айының аяғында полицейлер қарулы арнаулы жасақпен көшеде нақты бір орталарда кәсіпкер ретінде танымал және діни бағыттағы көшбасшы Шарифолла САЙФУЛЛИНДІ қолға түсірді. Оған қайдай айыптар тағылуда?  

- Сайфуллинді Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Авангард 3-ші мөлтек ауданында ұстап алды. Жеке тінту кезінде көп мөлшердегі есірткі тәркіленсе, оның автокөлігінің салонынан әскери қару-жарақтар  табылған.

- Оған қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша айып тағылуда? Сайфуллинді жедел ұстау шараларын әзірлеу және оның ұсталуының өткен жылғы Ақтаудағы қатаң режимдегі колониядан жаппай қарулы қашу әрекетімен бір байланысы бар деген сөз рас па?

- Біз алдын ала тергеу дәрежесіндегі мәліметтерді жария ете алмаймыз.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАЛАЛ КЕЛТІРІЛГЕН ЖОҚ

- Жеңіс саябағындағы қаза болған интернационалист-жауынгерлер ескерткішінің  құрылысымен айналысушы «Зодиак» ЖШС-нің директоры Надия СЫДЫҚОВАҒА қандай үкім шығарылды? («АЖ» №47, «Зодиак» салған қырсық»). Және нақты қанша сома көлеміндегі ақшаның ұрлануы туралы әңгіме өрбіп отыр?

- Сыдықованы сот өткен жылдың 6-шы желтоқсанында көрінеу жалған құжатты пайдалану, сондай-ақ, аса ірі мөлшерде ұрлау баптары бойынша айыпты деп танып, құрылыс саласында қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге және мүлкін тәркілей отырып екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сот Сыдықованың жалпы сомасы 49 миллион 700 мың теңге болатын ескерткіш құрылысын салуға жарияланған тендерде ұтып, оның 24 миллионнан аса көлемінің жымқырылғандығын анықтады.   

- Жақында «Agip KCO» компаниясына Қарабатандағы зауыт құрылысымен байланысты көп миллионды алаяқтықтық фактісі бойынша айып тағылды. Осы істің тергелуі қалай болып жатыр?   

- «Аgip КСО» компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс келтірілген залалдың орынын толтыру арқылы тоқтатылды. Іс облыс прокуратурасында тексеру сатысында қаралуда. 

- Қараша айында Құрманғазы ауданында зымыранның  сынықтары табылған болатын. Ресейлік тарапқа қандай ма бір талаптар қойылды ма?

- Бұл жағдайға қатысты облыстың барлық мемлекеттік органдары қызметкерлерінен топ құрылды. Түрлі сынамалар, оның ішінде радиоактивтілікке сынама алынды. Ұшу аппараты құлаған жердегі топырақ сынамаларындағы радионуклидтер құрамы және құлаған сынықтардың экспозициялық қуаттылық нормалары да тиісті нормалардан аспайды. Қазақстандық тарапқа келтірілген залал, оның ішінде экологиялық залал келтірілген жоқ.

ГЕРОИН СӘЛЕМДЕМЕСІ ОҢТҮСТІКТЕН ЖЕТТІ

- Тамыз айының аяғында «Қазпошта» АҚ ғимаратында ҰҚКД және кеден қызметкерлері УГ-157/9 (66-шы колония)  түрмесінде отырғандардың біріне жолданған пошта-телеграф арқылы келген сәлемдеме хатты тексеру кезінде жалпы салмағы 17725 грамм болатын героин салынған түйіншекті тапты. Героинды сәлемдемені жіберуші кім және ол кімге жолданған болып шықты?

- ҚР ҰҚК департаментінен  Оңтүстік Қазақстан облысының әлдебір ҚАЛДАРБЕКОВ есімді тұрғынының заңсыз есірткі айналымымен байланысты құқыққа қайшы келетін қызметі туралы ақпарат алынды. Колонияға героинды жеткізуді ұйымдастырған ол ондағы сотталушы ВОЙТОВТЫҢ атына жолдағанымен, ол зат сотталушы БОРАШЕВҚА арналған болып шықты. Қалдарбеков қолға түсті, енді оған және Борашевқа 259-бап бойынша айып тағылып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.

АҚЖАРДАҒЫ ӨЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ЖЫЛЖИТЫН ЕМЕС

- Өткен жылы қылмыс құрамының жоқтығына байланысты  кәсіпкер әйелдің өліміне айыпты деген Құлсары қаласының тұрғындары Әсет ШЫҒАНБАЕВ, Эльдар ЖҰМАҒАЛИЕВ  және  Саламат ЕРҒАЛИЕВКЕ қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Шынымен де қылмыс жасағандарды іздестіру жүргізіліп жатыр ма? Полицейлерден жауапкершілікке кімдер тартылды?

- Бұл қылмыс құрамы жоқтығынан емес, айыпталушы ретінде жауапкершілікке тартылуға тиісті тұлғалардың анықталмауына байланысты тоқтатылып отыр. 27 желтоқсанда қала прокуратурасы тергеушінің қаулысын бұзып, одан әрі тергеу өндірісі үшін облыстық ІІД жолдады.

- Алқа билер соты Ақжар поселкесіндегі мектеп оқушысы Дархан ОЛЖАҒАЛИЕВТІҢ өліміне Роман ВОЗНЮК пен Махамбет ШОЛАҚОВ  кінәлі емес деп таныды. Қалайша әлі  күнге дейін жаңа күдіктілер жоқ? Ақталған балалардың адвокаты нақты тұлғаларға қатысты нақты дәлелдердің бар екендігін бірнеше рет мәлімдеді емес пе? Тергеу ісі қозғалды ма?   - Қылмыстық іс әлі тергеу сатысында қаралуда. Кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айып ешкімге тағыла қойған жоқ, кінәлі тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

ТӨЛҚҰЖАТ ТҰРҒАНДА ТАҢБАНЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

- Өткен жылы өз саусағының таңбасын заңсыз түсіріп алғандығын сотта дәлелдеп, моральдық залалды өндіріп алған және полицейлерді кешірім сұрауға дейін мәжбүрлеген Қарағанды облысы Шахтинскінің тұрғыны Василий ГАРДАНОВТЫҢ бұл оқиғасы бүткіл елді шулатқан еді.  («АЖ» №39, «Саусақтан» қолдарыңты тартыңдар!»). Өздеріңіз білетіндей мұндай тәжірибе атыраулық полицейлдерде ертеден бар. Сіздердің мекемеден редакция мынадай түсінік алды:

«ҚР «Ішкі істер органдары туралы» Заңының 15-бабы, 11-тармағына сәйкесті ІІБ-нің қызметкерлері  қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға құқылы. Осылайша, дактилоскопия тек қозғалған қылмыстық іске кінәлілер мен күдіктілерге ғана қатысты емес, әкімшілік құқық бұзды деген күдіктілерге қатысты да жүргізіледі».

Менің түсініуімше, егер адам әкімшілік құқық бұзушылыққа (мәселен, ЖҚЕ бұзу, қоғамдық орындарда мас күйінде болса және т.б.) күдікті болса, тек оның жеке басын дәлелдеу мүмкіндігі жоқ болған жағдайда ғана полицейлер саусақ таңбасын алуға құқылы. Демек, күдікті  мәселен, айталық, қаңғыбас болса және оның ешқандай құжаттары болмаса (жоғалтып алған, өртте жанып кеткен немесе қайтадан алып үлгермеген не болмаса тіптен, болмаған болса). Оның үстіне Атырауда төлқұжаттық бақылау жүргізілмейді, жеке бас куәлігін өзімен бірге алып жүретіндер көп емес және полицияның бұл әрекеті заңсыз да болады. Адамның жеке басын анықтау үшін онымен бірге оның үйіне дейін барып, төлқұжатына үңілуге болады. Сонда осылайша заңсыз түрде  «саусақтарды» және барлығын бірдей бейне-суретке түсіріп алуға бола ма?

- Иә, әкімшілік құқық бұзушылыққа күдікті дегендерге қатысты жоғарыда аталған әрекеттер тек мына жағдайда ғана, егер күдіктінің жеке басын анықтау мүмкін болмаған кезде жасауға рұқсат етіледі. 

ҚҰЖАТТЫ КӨРСЕТКЕНІҢМЕН, ҚОЛҒА БЕРМЕ!

- Редакцияға кейде қалалықтардан шағым түсіп жатады, олар кейде өздерін күдікті деп таныған полицейлердің жеке бас куәліктерін алып қоятындығын мәлімдеді. Мұндай жағдай бұрын сотталғандар үшін де таңсық емес. Олар тұратын ауданда қандай ма бір криминалды жағдай орын алса болды, оларды «қыспаққа» алуды бастайды. Соның нәтижесінде азаматтар түрлі жайсыздықтарға ұрынады (жұмысқа орналасу, сапарлар, несие және басқа да банктік операциялардытөлеу т.б.). Жеке бас куәлігін шын мәнінде қандай жағдайда алуға тиісті екендігіне түсінік бере кетсеңіздер екен?

- Қылмыстық істі көтеру барысында күдіктіден жеке бас куәлігін алу заңнамаларда қарастырылмаған. ҚР ҚІК-нің 280-ші бабына сәйкесті тергеуші қылмыстық істі айыптау қорытындысымен прокурорға жолдаған кезде ол іс материалына айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттарын жалғауы тиіс. Тек кей мәселен, айыпталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жүрген кезде және алдын ала тергеу органдарына келуден қашып жүрген жағдайларда ғана жалғанбауы мүмкін.

Егер адамнан заңсыз құжаттарын алатын болса, ол өз құжаттарын алып қойған қызметкердің жұмыс органының басшылығына, сондай-ақ, сотқа немесе прокуратураға шағымдануға құқылы.

ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ  «МЕДИЦИНАДАҒЫ» АҚШАНЫҢ ЖЫМҚЫРЫЛҒАНЫН РАСТАМАДЫ

- Өткен жылдың басында пара алғаны үшін Индер аудандық прокурорының бұрынғы көмекшісі С.ҮМІТҚАЛИЕВТІ 10 жылға соттаған болатын. Екінші бір қатысушы тұлға облыстық прокуратураның қызметкері Данияр СИСЕНҒАЛИЕВ әлі күнге дейін іздестірілуде. Жалпы құқық қорғау органдары қатарының «тазалығына» қатысты не айтуға болады? Сіздің қол астындағыларыңыздың үстінен шағымдар болды ма?

 - Сисенғалиев 2009 жылдың қыркүйек айынан бері іздестірілуде. Сот оған «қамауға алу» шарасын жүзеге асыруға рұқсат берді. Облыс прокуратурасында үнемі ішкі қауіпсіздікті қаматамсыз ету жұмыстары жүргізіліп тұрады. 2010 жылы құқық бұзушылық фактілері болған жоқ. 

- Ә.Шайхиевке есірткі салып жіберді деген полицейлердің (МҰҚАШЕВ, САРГСЯН, СИРАНОВ, АХМЕТОВ) ісі қай кезеңде қаралып жатыр? Бірінші сатыдағы сот үкімі бойынша барлығы да бас бостандықтарынан айырылған еді. Істің жоғары сатыдағы инстанцияларда қаралуының нәтижелері қандай?

- Облыстық соттың апелляциялық алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды, ол заң күшіне енді.

- Осыдан бір жыл бұрын прокуратура «Медицина» АҚ-мын  13 764 000 бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсады деп  күдіктенген еді. Және тағы да берілген демеушілік қаржының да осындай көлемі жұмсалғандығын анықтап еді. Және оны сот-экономикалық сараптама растады да. Бұл іс немен аяқталды?

- Тексеру материалдары қаржы полициясына жолданды. Онда қылмыстық іс көтеруден бас тартқан.

Лев ГУЗИКОВ

16 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.