17-қаңтарда, Атыраудағы тергеу изоляторындағы төтенше оқиғадан кейін редакцияға жолдары болмаған қашқындардың бірі Дмитрий БАКИРОВТІҢ анасы мен жұбайы хабарласты. Олар оған тағылып отырған қылмыс бойынша істің жағдайын әңгімелеп берді.
Бакировті өткен жылдың маусымында есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері есірткі сатқандығы-мыс үшін ұстапты. Жеке тінту кезінде де, пәтерден де ештеңе табылмаған. Оған наурыз айында әлдебір Д. деген азаматқа 0,26 грамм героин, ал сәуірде осы адамға тағы да героиннің 0,42 грамын сатқандығы туралы айып тағылған. Әрине, ол адам азаматтық санасы оянып есірткіні полицияға «ерікті» түрде тапсырған ғой. Дегенмен, егер сатып алушы келісімге арнайы техникамен келген болса, ал бұрышта оны жедел топ пен екі айғақ күтіп тұрса, қандай еріктілік туралы әңгіме болмақ. Неліктен Бакировті қолма-қол есірткімен ұстамаған?
Тергеушілер сотта бетпердемен жауап берген өз «еріктісінің» жауабын, Бакировтің әлдекіммен келіссөзінің аудиожазбасы мен келісімнің бейнежазбасын негізге ала отырып айып тақты. Бірінші бейнежазбада уақыты, жазбаның басы мен соңы көрсетілмеген, әңгімеде сату, есірткі, ақша туралы бірде-бір сөз жоқ, ақшаны беріп жатқаны көрінбейді. Ал екіншісінде сатушының беті көрінбейді, жазбада тек ақ свитер киген адам бейнесі ғана бар.
Бұл Бакировтің адвокаты Маусымжан ҚАРТБАЕВАНЫҢ алқа билердің назарын аудартқан жайттардың кейбірі ғана. 2010 жылдың бірінші қазанында алқа билер Дмитрий Бакировті ақтап шыққан. Оны сот залында-ақ күзеттен босатыпты.
Алайда қырсық мұнымен бітпеді. Алқа билердің өмірбаяндарын қазбалап шыққан прокуратура олардың екеуінің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, басқа екеуінің бауырлары қылмыстық жауапкершілікке, ал бесінші алқа бидің наркологиялық диспансердің есебінде (бес жыл бұрын алкоголизмнен емделген екен) тұрғандығын анықтаған. Осыны негізге ала отырып, облыс прокуроры наразылық енгізіп, «заңсыз және негізсіз» болғандықтан ақтау үкімін жойып, істі жаңадан қарауға жолдауды өтінген.
Сот наразылықты қанағаттандырып, 12-қарашада Дмитрий Бакировті қайтадан тергеу изоляторына отырғызған. Содан бері екі ай өткен, ал жаңа сот ақыры басталмаған.
Әрине, егер адам өзін кінәсіз санаса қашудың қажеті бар ма еді?
Бакировтің туысқандары соңғы кездері оның күйзеліске түскен, жабырқаңқы көңіл-күйде болғанын, оның осындай әрекетке баруына сол да түрткі болған шығар дегенді айтты.
Біз оқиғаның қалай өрбитіндігін қадағалап отыратын боламыз.
Лев ГУЗИКОВ
Қашуға күйзеліс түрткі болған