Атырау, 25 қараша 23:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұсылман зираттарын қорлады деп күдіктелген жеті адам ұсталды

4 940 просмотра

Криминалдық полицияның жедел топ қызметкерлері үшін мұсылман зираттарын қорлаған деп күдіктелген топты ұстау үшін бір аптадан сәл астам уақыт қажет болды.

Естеріңізге салайық, белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратынан 15 бейітті қорлап, Элекватор ауданындағы зиратта тағы 16 бейітті қиратып кеткен еді. Полиция «Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Сол кезде ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Амандық МҰҚАШЕВ баспасөзге жүргізіліп жатқан іздеу шаралары туралы түсінік бере отырып, айдың соңына дейін осы сұмдық қылмысты ашуға уәде берген еді. Ол уәдесіне тұрыпты. 

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, кеше жеті күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына алынған. Олардың барлығы 18-19 жастағы жастар. Бұрын сотталмаған. Химпоселкеде тұрады. Бәлкім, бұлар зиратқа ойран салғандардың бәрі болмауы мүмкін. Қылмыс себебі анықталуда, тергеу туралы толық ақпаратты полицейлер таяу күндерде хабардар етуге уәде берді.

Лев ГУЗИКОВ

27 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.