Қаржы полициясындағы өткен жылдың қорытындысына арналған баспасөз конференциясында жалған кәсіпкерлік, көші-қон департаментіндегі айла-шарғылар және алуан түрлі пара алушылықтар туралы әңгіме қозғалды.
ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ЖАЗАЛАРЫН АЛДЫ
Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш ӘБЛЕЗОВТІҢ айтуынша, 2010 жылы департамент 447 қылмысты анықтап, сотқа 404 қылмыстық іс жолданған. Мемлекет пен азаматтарға 7 миллиард теңгеден астам сома өндіріліп алынған.
Бүгінгі күні тергеліп жатқан істердің бірі – облыстық қаржылық бақылау инспекциясы қызметкерлерінің біріне қатысты қозғалып отыр. Тергеу жорамалы бойынша, ол Қызылқоға ауданындағы күрделі жөндеу жүргізілген мектепті тексеру қорытындысы бойынша «қажетті» қорытындыны шығарып беру үшін ЖШС өкілінен 3 миллион теңге пара талап еткен. Желтоқсан айының басында ашкөз ревизорды 500 мың теңге және 10 мың доллар алу кезінде ұстаған.
Экономикалық қызмет саласында қаржы полициясы 253 қылмысты анықтаған.Жалған кәсіпорындардың басшылары - «Нұрай Құрылыс Атырау» ЖШС директоры Купешов, «Жағалау»ЖШС директорыАренов және «Атыраусервисхимтрубкомплект»ЖШС директорыӘміровтар мүлкін тәркілеумен қоса үш жыл бас бостандықтарынан айырылу жазаларын алған. Бұлар арқылы ақшалай қаржылар қолма қол ақшаға айналдырылған. Түрлі кәсіпорындардың жалпы саны 206 миллион теңгесін қолма қол ақшаға айырбастаған жалған кәсіпкерлер тобының әрбіреуі алты жылға жазаланған. Ал жыл басынан бері «жалған кәсіпкерлік» бабы бойынша 20 қылмыстық іс қозғалған. Мемлекеттік қазынаға тигізілген зиян мөлшері бір миллиард теңгеден асқан.
КЛИНИКАЛЫҚ АХУАЛ
2010 жылы экономикалық қылмыспен күрес департаменті 95 сыбайлас жемқорлық істерін тергеп, сол бойынша 49 адамды соттаған. Талдау ісі көрсетіп отырғандай, елімізде дендеп бара жатқан бұл кесапат негізінен мемлекеттік нысандар құрылысы, халықты әлеуметтік қорғау және білім салаларына «орнаған».
Жылыой ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі ¦лханов екі жылға шартты түрде сотталған. Ақшаларды игеру көрсеткіштерін жоғарлатып көрсету мақсатында шенеунік «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген ақшаны әлдебір ЖШС есебіне жарты жыл бойына заңсыз аударып отырған. «Әуежай Атырау» кедендік бекетінің бас маманына сот айыппұл салған. Оның бар кінәсі – екі автоматты ажыратқышты (рубильникті) заңды рәсімдеуден өткізбеген.
Әрқайсысы бес жылға №2 қалалық емханасының бас есепшісі Кенжеахметова мен сол мекеменің кассирі Губайдуллина сотталған. Олар 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында емхананың бірнеше қызметкерлерінің қолдарын жалған қою арқылы, олардың жалпы 2 млн. теңгеден астам еңбек ақыларын иеленген.
Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған және ұрлаған деп күдіктелген Атырау облысы бойынша көші-қон департаментінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Олар ¤збекстаннан келген оралмандарға жалған құжаттар рәсімдеп, бір реттік жәрдемақыны өздері иеленіп алған.
ОБЛЫСТА 18 ПАРАҚОР БАР
Қ.Әблезов баяндағандай, мемлекет қазынасына қол салудың кең таралған тәсілі – бұл белгілі бір нысанды қабылдап алу актісін жасауда және оған қол қоюда атқарылған жұмыс көлемін арттырып көрсету. Мәселен, «¤рімтал» балабақшасын қабылдау актісіне жұмыстар толық көлемде атқарылмаса да, атқарылды деп заңсыз қол қойған Ойыл селолық округінің әкімі Тапаев және «¤рімтал» бала-бақшасының меңгерушісі Сенғалиева қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.
Сондай-ақ, Махамбет селолық округінің бұрынғы әкіміне және Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығына қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Олар музыкалық жабдықтарды жеткізу бойынша тендер жеңімпазын заңсыз анықтаған.
Енді пара алуға тоқталайық. ¤ткен жылы департамент 18 парақорлық дерегін анықтаған. Мәселен, Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінің жетекші маманы Ділдабаев үш жылға бас бостандығынан айырылды. ЖШС-дің бірінен заң бұзушылықтар анықтаған ол әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 40 мың теңге пара талап еткен. Түркиядан келген жүкті еш кедергісіз алып өту үшін 20 мың теңге пара алу кезінде әуежай кедендік бекетінің қызметкері ұсталған. Жүйелі түрде төрт азаматтан 10 мың теңгеден пара алып отырған облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Мусин жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ақшаны ол аңшы куәлігін рәсімдеуді тездету үшін алған екен.
Лев ГУЗИКОВ