Атырау, 5 қазан 10:58
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Пагон таққан барымташылар

3 731 просмотра

Махамбетте барымташылар қолға түсті. Оларға құқық қорғау органдары қызметкерлері қолдау көрсеткен.

Махамбет аудандық қылмыстық қудалау органдары төрт жергілікті және екі құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған ұйымдасқан қылмыстық топты  құрықтады деп хабарлайды аудан прокурорының көмекшісі С.Ажмухамедов.

Прокурор көмекшісінің сөзіне сүйенсек бұл топөткен жылдың ішінде 20-ға жуық қылмыс жасап үлгерген.Тепсе темір үзетін жігіттер қасапшылықтың шеберіне айналса керек, мал ұрлығын кәсіп қылып, ірі қара сиыр малдарын бірнеше минуттың ішінде бұтарлап, Атырау қаласының сауда нүктелеріне сатып отырған.

- Бұл жайттарды көздерімен көре тұра құқық қорғау органының екі қызметкері олардың жолын кесудің орнына, әртүрлі жағдайларда көмек көрсетіп келгендігі анықталған. Осы қылмыстық топтың әрекеттерінен жәбірленушілерге бір миллионнан астам залал келтірілген,-дейді С.Ажмухамедов.

Махамбет аудандық сотының былтырғы жылғы  21 маусымдағы үкімімен қылмыстық топтың мүшелері мүлкін тәркілеумен бас бостандықтарынан айырылған.

Сәния ТОЙКЕН

3 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.