Атырау, 25 қараша 22:45
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұсылман зираттарын қорлаған кімдер?

12 946 просмотра

Өткен демалыс күндері белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратындағы он бес бейітті қорлаған.

Зират қызметкерлері мұны 15-ші қаңтарда байқапты. Бұзақылар қатар жатқан бейіттердегі марқұмдардың бейнелері салынып, аты-жөндері жазылған мәрмар тақталарын қиратып тастаған. Бәрін бірдей емес, іріктегендей зират жақтан бағдарлағанда орталық ауыздың оң жағындағы бейіттерді талқандапты. Тақталардың беткі жағына әлдебір қызыл сұйықтық жағып тастаған. Қылмыс болған жерге полиция қызметкерлері келіп, саусақ таңбаларын алып, суретке түсіріп алды.  

Ал 17-ші қаңтарда телефон арқылы редакцияға Элеватор ауданындағы басқа мұсылмандар зиратында тағы бір бүлікшілік әрекеті орын алғанын хабарлады. Ол жерде 16 бейіт қорланған, кейбірінде ауыр техника жұмыс істегендей әсер қалдырған. Мазарлардың орнына тас үйіліп қалыпты. 

Егер жақын арада орын алған христиандар зиратындағы қылмыстың оңай олжа табу (металл қоршаулар, ескерткіштерді металл сынығына тапсыру үшін) мақсаты болған болса, бұл жағдайда осынау жиіркенішті қылмысты әзірге ешқандай түсінікке сыйғызу мүмкін болмай отыр.

Атырау облысы ІІД криминальды полиция басқармасының бастығы Амандық МҰҚАШЕВТІҢ айтуынша, ҚР ҚК 275-ші «Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерден құралған жедел-тергеу тобы жасақталды. Полицейлер облыстық ¦ҚК департаментімен бірлесіп жұмыс жасауда. Бұдан басқа, барлық зираттар тексеріліп, басқа бүлікшілік фактілері анықталған жоқ.

Ал, қалада мұны діни сектанттар топтарының ісі деген алып-қашпа әңгімелер айтылып жатыр. Тіпті, қазақтардың дәстүрлі жерлеу рәсімдеріне қарсы уаххабиттер немесе салафиттер зираттарды қиратуда деп те айтылуда.

Алайда, ресми дінбасылар қауымдастығы жұртшылықты асығыс шешім жасаудан аулақ болуға шақыруда.

- Бұл жауыздықты кімнің жасағанын бір Алланың өзі біледі! Қазір исламға қарсы көптеген жағымсыз іс-әрекеттер бағытталуда. Мұны істеген уаххабиттер деп айтып жатыр, алайда, біз істің байыбына бармай мұндай мәлімдеме жасағандарға мүлдем қарсымыз. Кінәлілерді тауып, мұндай іске неліктен барғандарын анықтау керек,-дейді Атырау облысының бас имамы Нұрлыбек-қажы Есмағамбет.

Бас имамның айтуынша, исламда өлген адамның басына құлпытас орнату, оған бейнесін салуға тыйым салынған, бірақ, қалай болғанда да, зираттарды қорлау- үлкен күнә. Бас имам өзінің құдайға құлшылық ету қызметінде дәл осындай мұсылман бейіттерін қорлау жағдайы бірініші рет кездесіп отыр дейді.

Лев ГУЗИКОВ, Азамат МАЙТАНОВ

Суретті түсірген В. Истомин

 

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.