Атырау, 25 қараша 23:33
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүргізуші мүрдені зиратқа жасырмақшы болды

3 812 просмотра

Жаяу жүргіншіні өлімші етіп қағып, қылмыс ізін жасырмақшы болған 30 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы ІІД-де өткен брифингте жауап алу басқармасының бастығы Қалыбай ТӨЛЕУЛИЕВ хабарлады.

Жол көлік оқиғасы өткен жылы 23 қарашада Сәтбаев даңғылының бойында болған еді. Жүргізуші зейнеткерді қағып, оны өз көлігіне салып алып кеткен. Алайда, ол мәйітті ауруханаға апармаған, артынша мәйіт салынған автокөлік Мұқаш бейітінен табылды.

Полицияға кінәлі жүргізуші бір тәуліктен соң адвокатпен бірге, өзінің бұл келісін кінәсін мойындап келу ретінде қабылдауды өтініп келген. Бірақ, бұған қатысты полицияның пікірі басқаша болатын: Осы оқиғадан соң жүргізуші жол полициясына машинасының ұрланғандығы жөнінде хабарлаған. Кейін өзі жасырынып қалған.  Ол жасырынған үйге полиция келген кезде ол екінші қабаттағы терезеден секіріп, қашып кеткен.

Полицейлердің айтуынша, айыпталушы мас күйінде рөлде болғандықтан өткен жылы-ақ жүргізушілік құқығынан айырылған екен. Міне, енді оның кесірлік құмарлығы оны айыпталушы орындығына әкелді.

Қ.Төлеулиев өткен жылдың 13 тамызында болған басқа бір жол көлік оқиғасы туралы әңгімеледі. Атырау-Доссор тас жолында «КамАЗ» басты жолмен жүріп келе жатқан «БМБ» автокөлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жеңіл көліктегі үш жас жолаушының өмірі қыршыннан қиылды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойынына алған жоқ. Көлік тежегішінің істен шыққандығын алға тартты. Орал қаласынан ғылыми-өндірістік сот сараптама зертханасынан автотехникалық және трассологиялық сараптама маманы шақырылды. Ол маман көліктің жапырылған және сызат түскен жерлерінен оқиға картинасын жасай алды. Сараптамашы ЖКО кезінде автокөліктің тежегіші мен ілінісу құралының (сцепление) қалыпты жағдайда жұмыс жасағандығын анықтады. 11 қаңтарда сот жүк көлігінің жүргізушісінің кінәсін дәлелді деп танып, оны ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлімі бойынша (екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол апаты) айыпты деп 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Айыпталушы сот залынан қамауға алынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.