Атырау, 21 қыркүйек 02:44
 ашықВ Атырау +20
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Шеру болмағанмен, концерт өтті

30 тамыз күні сағат 11.00-ге белгіленген мерекелік жарнамаларда уәде етілген ҚР Ата заңы-  Конституция күніне арналған қала еңбекшілерінің шеруі мен облыстағы кәсіби ұжымдардың концерттік бағдарламасы өтпей қалды. Бейресми  ақпарат бойынша, шараны болдыртпау жөніндегі бұйрық облыстық әкімдік тарапынан жасалған екен. 1 қыркүйек 2011, 22:45 2 391 просмотра
Алаңдағы шаралар және ел аузындағы әфсаналар Басқа жаңалықтар

Алаңдағы шаралар және ел аузындағы әфсаналар

30 тамыз күні кешкісін Исатай-Махамбет алаңында мереке күндері үшін тосын жай болды. Сағат 20.30-ға қарай сахна бос қалып, аппаратуралар әкетілді. Концерттің болғандығын тек жиналмаған турникеттер мен көрермендерге арналған орындардан ғана білуге болады. Алаң маңынан милиция жасақтары байқалмады, тек Сәтбаев даңғылының бойындағы жолда жол полициясының көлігі тұрды. 1 қыркүйек 2011, 22:50 2 844 просмотра
Басқа жаңалықтар

Облыстық әкімдікте ауыс-түйістер жалғасуда

Әсия ҚЫСТАУБАЕВА өзі атқарып келген облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы лауазымынан Атырау облысы бойынша статистика департаментінің басшысы қызметіне ауысты. Қыстаубаеваның орынында басқарманы уақытша оның орынбасары Оразбек ҚАСЫМОВ басқарып отыр. Облыстық статистика департаментінің қабылдау бөлмесі бұрынғы бастықтары Мардан СЕЙІТҚАЛИЕВТІҢ жұмыстан өз еркімен кеткендігін хабарлады. 1 қыркүйек 2011, 16:24 2 377 просмотра
Басқа жаңалықтар

Шекарадағы кесене

Таяу күндердегі жоспарланған Атырауға сапарында президент Н.Назарбаев Астрахан облысы  Красноярский  ауданындағы Кішкене  Арал  селосында салынып жатқан Бөкейхан кесенесінің  ашылу салтанатына қатысуы да мүмкін. Бөкейхан кесенесі (ұзындығы – 15 м, ені – 12 м, биіктігі – 22 м) Қазақстан-Ресей шекарасынан жүз метрдей жерде қызыл кірпіштен бой көтеріп келеді. Кесене жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырған жоқ, толығымен кәсіпкерлер мен депутаттардың – Амангелді БАРАҚАТОВ, Әбдібек БИСЕНОВ, Болат ҚОНАРБАЙ, Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ және басқа да азаматтардың  қаржысына салынып жатыр. 1 қыркүйек 2011, 16:22 3 170 просмотра
Экономика

Бензин «базары» тарқаған жоқ

Қаладағы жанар-жағармайға қатысты  ахуал  біраз қалыпқа түскендей болды. Әлеуметтік маңызы бар бензин маркілері (Аи-92, 80 және дизель отыны) барлық стансаларда бөлшек саудада сатыла бастады. Ал, Аи-95 бұрынғысынша еш жерде жоқ. 1 қыркүйек 2011, 22:58 2 627 просмотра
Экономика

Батысқа қашанғы кіріптар боламыз?

– Шетелдік фирмалардың барлығы дерлік: маман киімдерін, бұрандалы шегелерді, гайканы, тіпті азық-түліктерді де шеттен әкелетінін жақсы білеміз. Алайда мұның бәрін жергілікті нарықтан сатып алуға болады ғой,- деді облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ облыстық әкімдікте болған кеңесте. 1 қыркүйек 2011, 16:59 2 923 просмотра
Түркі саздары Өр Алтайды тербеді Мәдениет

Түркі саздары Өр Алтайды тербеді

Тамыздың 26-сы мен 27-сі аралығында Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық өнер фестивалі өтті. Оған Атырау облысының атынан әйгілі күйші, республикалық байқаудың лауреаты Айгүл Батырқайырова (суретте) қатысып қайтқан болатын. Біз Айгүл Атырауға оралған бойда оның Өр Алтай сапарынан алған әсерлерімен бөліскен едік.   1 қыркүйек 2011, 17:03 7 432 просмотра
Тәуелсіз кезең - фотосурет тілінде Мәдениет

Тәуелсіз кезең - фотосурет тілінде

Тамыздың 26-сы күні облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды. Сонымен бірге, Конституция күніне арналған жергілікті суретшілердің «Алтын заңым - ардағым» тақырыбындағы туындылар көрмесі ұйымдастырылды. 1 қыркүйек 2011, 23:11 4 417 просмотра
Саша Капёнкиннің динозаврлар әлемі Мәдениет

Саша Капёнкиннің динозаврлар әлемі

Ол динозаврлар туралы бәрін біледі десем, титтей де өтірік айтқаным емес. №6 мектептің 7 «в» сынып оқушысы динозаврлардың тіршілігі туралы көптеген кітаптарды оқып, 3D арқылы ең қызықты хабарлардың барлығын қараған, ақпарат іздеуде ғаламторды қопарып, ғалымдардың соңғы жаңалықтарының бәрі туралы біледі екен. 1 қыркүйек 2011, 23:47 5 569 просмотра
Саясат

Әкім діни экстремизм қаупіне назар аударды

Өткен аптаның ішінде барлық деңгейдегі жергілікті мәслихат депутаттары Атырау облысынан екінші сенаторды (2008  жылы сайланған бірінші сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВТІҢ өкілетті мерзімі әлі біткен жоқ) сайлады. Хабарлағандай, 128 депутаттың 85-і қазіргі сенотор Қайрат ИЩАНОВҚА дауыс берді. Жеңімпазды құттықтағаннан кейін облыстық әкімдік  үйінде облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ қайтадан сайланған сенатор және депутаттарға аймақтың өзекті  мәселелерін міндеттеді.  25 тамыз 2011, 22:46 4 497 просмотра
Басқа жаңалықтар

Бюджеттің бүйірі босамақ

Қалалық билік бюджет қаржысын 2,5 миллиард теңгеге қысқартады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың XXIV-ші сессиясында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Әлсейіт САБЫРОВ хабарлады.  25 тамыз 2011, 23:01 2 487 просмотра
Астыртын хат немесе Қазақстанда кімнің тасы өрге домалап тұр? Қоғам

Астыртын хат немесе Қазақстанда кімнің тасы өрге домалап тұр?

Жақында премьер-министр К. Мәсімовтің блогында «Аджип ККО қызметкерлерінің К. Мәсімовке үндеуі» жарияланған болатын. Үндеу соңына қол қойылмаған. Оған көңіл аудармаса да болатын еді, өйткені, атауы жоқ, ал, ол сенімділікті ұялатпайды. Алайда, отандық мұнайшыларды шетелдік компаниялардағы кадр саясаты және жергіліктілер мен «келімсектерге» төленетін еңбекақыдағы айырмашылық алаңдататыны белгілі ғой. 25 тамыз 2011, 23:16 3 170 просмотра