
Пекинде Қытай Мемлекеттік кеңесінің Ақпараттық бюросы «Әділетті әрі тең құқықты жаһандық басқару: Қытайдың қағидаттары, ұсыныстары мен шаралары» атты бағдарламалық құжатты жариялады, деп хабарлайды АА.
Құжатта көпжақты ынтымақтастықты жандандырудың маңызы атап өтіліп, халықаралық жүйеде БҰҰ-ның орталық рөлін сақтау қажеттілігі көрсетілген.
Қазіргі жаһандық басқару жүйесінің кемшіліктерін жою, оны заманауи жағдайларға бейімдеу ұсынылған.
Құжатта АҚШ саясатына жасырын сын айтылып, кейбір мемлекеттердің ұлттық мүдделерін бәрінен жоғары қоюы әлемдегі тұрақсыздықтың басты себебі ретінде көрсетілген.
Құжатта мұхит түбі, полярлық аймақтар, ғарыш және киберкеңістік сияқты жаңа салаларда басқару ережелерін әзірлеу және олқылықтарды жоюдың өзектілігі атап өтілген.
Пекинде өткен баспасөз мәслихатында Ван И қазіргі халықаралық жүйе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқанымен, бүгінгі сын-қатерлерге төтеп бере алмай отырғанын айтты. Ол Си Цзиньпиннің «Жаһандық басқару бастамасын» ұсынып, әділетті әрі тең құқықты жүйе құруға шақырды.
Ван И көпжақтылықтың бастапқы мақсатына қайта оралу қажеттігін, БҰҰ-ның беделін сақтау мен тиімділігін арттырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар Украина мен Газадағы қақтығыстарды диалог арқылы шешу, Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнату қажеттігін айтты.
Министр жаһандық сауда жүйесін сақтау, ДСҰ-ның орталық рөлін күшейту, еркін сауда мен инвестицияны қолдау, сондай-ақ МВФ пен Дүниежүзілік банкті реформалау қажеттігін атап өтті. Ол «Глобалды Оңтүстік» елдерінің халықаралық аренадағы дауысын күшейтуге шақырды.
Бұл құжат Қытайдың жаһандық басқару жүйесін реформалауға бағытталған ресми ұстанымын айқындап отыр.
В Атырау +30.3