Атырау, 21 желтоқсан 22:50
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 251 просмотра

Самбо

Image 029-30 шілдеде Атырауға Азия самбо одағының президенті Аламжон МУЛЛАЕВ (суретте) келді.

Ол спорт құрылғылары мен қонақ үйлердің жағдайымен танысып, облыстық спорттық және әскери самбо федерациясының 10 мен 14 желтоқсан аралығында Атырау қаласындағы Мұз айдынында Азия чемпионатын өткізге берген өтінімін қанағаттандырды.

- Атырауда өз тарихы мен дәстүрлері бар самбо мектебі жұмыс жасайды. 2015 жылжың сегіз айында облыста самбодан екі халықаралық турнир өткен. 2015 жылғы Азия чемпионатын өткізуге Түркіменстан, Тәжікстан және Үндістан өтінім берген еді, алайда біз Қазақстанда және сіздердің қалаларыңызда өткізуді жөн көрдік,- деді «Қазақстан» қонақ үйінде өткен баспасөз конференциясында А. Муллаев. – Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 400-ге жуық спортшы, төрешілердің халықаралық бригадасы келеді, Конгресс және төрешілер семинары өтеді. Бұл өңірлеріңіздегі самбоның дамуына жаңа серпін береді.

Іссапар барысында А. Муллаев №1 мектеп-интернатқа барып, облыстық спорттық және әскери самбо федерациясының жетім балаларға сыйлық тарату рәсіміне қатысты.

***

Дзюдо

Прагада өткен 1996-97 ж.т. жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогында атыраулық спортшы Қанат Сейілхан қола медальға қол жеткізді.

Қанат бес белдесу өткізді. Төрт қарсыласын «иппон» әдісімен ұтып, жартылай финалда тағы бір қазақстандық дзюдошы – Қарағандының өкілінен ұтылып қалды.

Осылайша спортшымыз Қытайда өтетін жастар арасындағы Азия ойындары жолдамасына ие болды. Оны Қуаныш Сүлейменов (1-БЖСМ) жаттықтырады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


6 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.