Атырау, 28 қараша 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Маршрут дауы-2

2 305 просмотра

Image 0

3 тамызда басталған маршруттарға қатысты дау жалғасын тапты. Бүгін, 5 тамызда қалалық ТКШ бөлімі басшысының м.а. Өмірбек КАМАЛОВТЫҢ кабинетіне Құрсай ауылының тұрғындары және оларды тасымалдаушылар - №5 маршруттың өкілдері жиналды.

«БЕСКЕ» ДИНАҒА КІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

Естеріңізге салсақ, дүйсенбі күні таңертең №57 маршрут жүргізушілері прокуратура ғимаратының алдына жиналып, №5 маршрутты «Дина» нарығынан алып тастауды талап еткен еді. Түстен кейін оларды қалалық ТКШ бөлімі көлік секторының басшысы Қуаныш ИБРАГИМОВ қабылдап, олардың талаптарын қанағаттандырып, сәрсенбіден бастап №5 маршрут базарға кірмейді деп сөз берді. Расымен де, бүгін «бес» жүргізушілерін Динаға кіргізбей, жұмыстарына кедергі келтірді. Бұған жауап ретінде 5-маршрут жүргізушілері мен кондукторлары, сондай-ақ жиырмаға жуық Құрсай ауылының тұрғындары қалалық ТКШ-ға Дина базарына кіргізу туралы өз талаптарымен келді. Қ. Ибрагимов ауырып қалыпты.

Image 4- Біз де 57-маршрутта жүрген адамдардай жанбыз, неге олар біздің қайда кіріп, қалай жүруміз керектігін шешеді? «Бес» - Құрсай ауылынан жүретін жалғыз автобус, ал бұл өте үлкен елді мекен. Бұл маршрутта небары 3-4 машина, ал 57-де 20-ға жуық көлік бар, - дейді Құрсай тұрғыны Тәрбие НҰРТАЗИНА. – Біздің талабымыз – бесінші маршрут бұрынғысынша «Динаға» кірсін. Барлығымыз осы базардан зат сатып алып, үлкен сөмкелерімізбен 5-ке отырып, үйімізден түсеміз. Біздің орталығымыз – Балықшы, мектеп, емхана, почта, балабақшалар сол жерде. «Нұр Отанда» біздің өтінішімізді қанағаттандырып еді, көріп тұрсыздар ма, біздің сызбамызды өзгерткені 57-ге ұнамайды. Олардың қандай құқығы бар? Біз де адамбыз. Біз 57-маршрутты мүлдем алып тастауды сұрап жатқан жоқпыз ғой. Бізге де тимесін.

Алғашқы бекітілген сызба бойынша 5-маршрут АМӨЗ арқылы Мирный ауылына дейін жүрді. Алайда Құрсай тұрғындарының өтініші бойынша сызбаны шамалы өзгертті: «Дина» базарына кіргізіп, Мирный мен Қара депоны алып тастады.

«ОТБАСЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ АСЫРАЙМЫЗ»

Image 1Қалалық ТКШ бөлімі көлік секторының маманы Қуантай ҚАЛМАН:

- Өткен жылы Құрсай ауылы тұрғындарынан сызбаны өзгерту жөнінде хат келіп, өтініш «Нұр Отанда» қаралды және сол жерде оларға «Дина» базарына кіруге рұқсат берілді. Сонымен қатар, Қара депоны алып тастадық, Химпоселоктегі жатақхананы бұзғаннан сол жерде кейін жолаушылар ағыны жоқ деуге болады. Сол жақта №7 маршрут та жүретін еді, 18 машинадай болған, алайда клиенттердің жоқтығынан небары 4 көлік қалды. №57 және №5 маршруттардың сызбасы 60%-дай бірдей, тек Дамбы трассасында 57 Көкарнаға қарай жүрсе, 5 Құрсайға кіреді. Бұлардың арасында бұған дейін де жанжалдар, қақтығыстар болған, шешімін тауып, сабырға келтіргендей едік.

Жансұлу, №5 маршруттың өкілі:

- Мен ауыл шаруашылығы желісі бойынша 2 млн теңге несие алып, өзім 850 мың теңге қосып, Газель алдым. Жолдасым қайтыс болды, үш баламмен Құрсайда тұрамын, осы маршруттың арқасында балаларымды асырап отырмын. Ай сайын несие, жарты жыл сайын ЖК үшін салық төлеймін, күнде түскен табысқа азық-түлік аламын, қалғаны қарызға, жүргізушінің жалақысына және басқа да шығындарға кетеді. Енді бізге базардан шығыңдар, базардан айналып өтіңдер дейді, жарайды айналып өттік, енді мүлдем тоқтатып қойды. Кеше бізге бір сызбаны берген, екі сағаттан кейін оны кері алды, біз тұрып қалдық. Енді қалай жұмыс жасаймыз, жанұямызды қалай асыраймыз?

Image 2Сәуле, №5 маршруттың кондукторы:

- Біз 57-маршрут бізді жүргізбейді, басып озып, жүргізушімізді сабайды деп айтудан шаршадық. Ертең мектеп, балшық, қыс басталады, 57 қашанда толып бара жатады, оқушыларды отырғызбайды. Балаларды итеріп тастайтын 2-3 көлікті білемін. Біз «Рахатта» кездесеміз, неге оқушыларды алмайсыңдар, өздеріңнің балаларың жоқ па деп айтып жүремін.

Сапура ТАШАНОВА: зейнеткер, 70 жаста:

- Менің қызым саяжай ауданында тұрады, оның үш қызы бар, біреуі колледжде, қалған екеуі мектепте оқиды. Егер мен өзім жолға шықсам, 57 балаларды алады, ал өздері шықса, тоқтамайды. Қыста төрт автобус алмай кетіп, үсіп қала жаздағаны бар. Сондықтан да кіші қызды қыста мектепке жібермеймін. 25 теңге беретін болған соң, зейнеткер бізді де отырғызбайды.

Қалалық ТКШ бөлімі басшысының м.а. О. Камалов тұрғындардың наразылықтарын тыңдап, кешке №57 маршрут пен №5 маршруттың басшыларын жинап, ақырғы шешімді қабылдаймыз деп уәде етті.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор


5 тамыз 2015, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.