Атырау, 27 қараша 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Еуропа ғалымдары Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуының алдын ала себебін атады

3 035 просмотра

Image 0Ұлыбритания мен Германияның зертханаларында Қазақстанда киіктердің не себепті қырылғаны анықталып жатыр. Ғылыми экспедиция Қызыл кітапқа енген жануарлардың жүрген жолдарының барлығын зерттеді және алдын ала қорытынды шығарды, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Экспедиция құрамындағы зерттеуші Штеффен Цутер бес облысты аралады. Оңтүстіктен солтүстікке дейін. Киіктердің жүрген жолдарынан судың, топырақтың және шөптің сынамалары алынды. Олардың жартысы шетелдік зертханаға жіберілді, қалған бөлігі Қазақстанда зерттеліп жатыр.

"Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасының халықаралық үйлестірушісі алдын ала қорытынды бойынша, киіктердің қырылуына геморрагиялық септицемия себеп болған деп мәлімдеді. Бұл инфекция арқылы түрлі бактерия көп уыт шығарады. Сол себепті киіктер өледі. Зерттеушілер бұл бактерияларды кенелер таратуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында олар далада тым көп болады.

"Зерттеулер мен талдаулар бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында зерттеу нәтижелерінің басым бөлігіне қол жеткіземіз деп отырмыз. Келесі жылы киіктердің жаппай қырылуы болмау үшін мамандарға нақты жоспар құру керек болады", - деді ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы Бақытбек Дүйсекеев.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда киіктер жаппай қырылды. Өлі киіктердің саны 134 мың бастан асты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер киіктердің қырылуына пастереллез себеп болды деп есептейді. Бұған дейін киіктердің жаппай қырылуының себебін анықтаумен Оңтүстік-Африка Республикасы мамандарының айналысатыны хабарланған болатын. Олардан бөлек ол жерде отандық ғалымдардан құрылған арнайы топ жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 тамыз 2015, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.