Атырау, 23 қараша 05:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​«Дельфиндерге бостандық!»

2 429 просмотра

Image 0Атыраудағы ҮЕҰ құқық қорғаушылары жылжымалы дельфинарий гастрольдеріне қарсы флешмоб ұйымдастырды.

Түрлі түсті қаптамамен қапталған тоңазытқыш қорабы жағалауда жүрген серуендеушілерде түрлі сауалдар тудырды. Ұйымдастырушылар жауап ретінде оларға тымырсық қораптың ішінде тұрып, өздерін тар тордағы дельфиндерше сезінулерін ұсынды. Елуге тарта адам бұл тұтқын болу «кереметін» өз терілерімен сезініп, 2013 жылы Үндістанда саналы жануар ретінде танылған дельфиндердің қатысуымен болатын шоуға өз балаларын алып бармайтындарын мәлімдеді. Саналы жануар деп аталуына көптеген дәлелдер де келтіруге болады: зерттеулер дельфиндердің адамға ұқсас өзіндік санасы бар екенін көрсетті; олар кескіндерінің өздерінікі екенін біледі; әрқайсысының өз отбасында ерекше есімдері бар (әр түрлі дыбыстар арқылы шақырады); оларда әлсіздерге көмек көрсетуге дайын тұратын эмоционалдық сезім – эмпатия бар... Кит тектес жануарларды коммерциялық тұрғыда пайдаланудан Коста-Рика, Венгрия және Чили сияқты мемлекеттер бас тартқан. Дельфинарийге қарсы ғаламдық наразылықты көптеген елдер қолдап, дельфиндерді аулау мен тұтқындауға тыйым салу туралы конвенцияға бірікті.

- Дельфиндердің жылжымалы шоуына Белоруссия, Ресей, Индонезия және Қазақстаннан басқа барлық өркениетті елдерде тыйым салынған! – дейді ұйымдастырушылардың бірі, «Демос» ҮЕҰ басшысы Тоғжан ҚИЗАТОВА. – Интернетте президент Назарбаевқа жазылған петицияға қол жинау жүріп жатыр. Оның авторлары осы қатал бизнеске тыйым салатын заң шығаруды өтінеді. Біз мұнда, Атырауда, мәскеулік жылжымалы дельфинарий гастролінің ашылуы қарсаңында осы мәселеге қоғамның назарын аудартқымыз келеді. Біз қаламызды жабайы, өркениетсіз жер деп есептемегенін қалаймыз, бұл қалада мейірімді адамдар өмір сүріп, өз ақшаларымен осындай қатал бизнесті қолдамайтынын бәрі білсін дейміз. Оларды асырау және тасымалдау жағдайлары жан түршігерлік. Мәселен, ересек дельфин өзінің қалыпты ағза қызметін ұстап тұру үшін күніне кемінде 30 шақырым жүзуі керек. Мұндай жағдай болмаса, олар ауырып, ақыл-есінен айырылады. Табиғи ортада 60 жылға дейін өмір сүретін косаткалар осындай шоуларда 3-4 жылда өліп қалады. Дельфиндерге арналған бұл түрмелерге қолдау көрсетпеу керек! Мұны тек осылайша ғана тоқтата аламыз. Көптеген елдерде адамдар осындай шоуларға бармайды, сәйкесінше, бұл бизнес өзінен өзі құриды.

Бүгінде бұл петицияға тоғыз мыңнан астам қазақстандық қол қойды.

Акция ұйымдастырушылар күткендей өз әсерін тигізді.

- Бұрын біз мұндай мәселелер бойынша ойланбайтын да едік, енді бұл шоуға бармаймыз, - дейді 17 жастағы Настя мен Руслан (суретте).

Алайда мені 10-11 жасар қыздардың жауаптары таңғалдырды. «Бұл жерде не болып жатыр?» деген олардың сұрағына мен әдейі «бізге алғаш рет дельфинарий келе жатыр» деп жауап бердім.

- Барасыңдар ма, қыздар?

- Жоқ! – деп сеніммен жауап берді іштеріндегі бір қыз. – Мен басқа қалада осындай шоуда болдым, дельфиндердің қалай азап шегіп жатқандарын көзіммен көрдім, сондықтан біз бармаймыз!

Оларды сендіру үшін қорапқа кіргізудің де қажеті болмады. Жоғары дамыған азаматтық қоғам өсіп келеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

6 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.