Атырау, 18 маусым 15:37
 дождьВ Атырау +30.3
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

​Алматыдағы «резеңке» пәтер: бір бөлмеге 990 адам тіркелген

90 рет қаралды

Алматының Наурызбай ауданында бір бөлмелі пәтерге ресми түрде 990 адам тіркелгені анықталды. Бұл — Қазақстандағы «резеңке» пәтерлердің абсолютті рекорды.

Тексеру барысында пәтерде тіркелген азаматтардың ешқайсысы онда тұрмағаны белгілі болды. Үй иесі тіркеу үшін ақша алып, заңсыз бизнес жүргізген. 

Құқық қорғау органдары оның үстінен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сот алматылықты кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Бұған дейінгі рекорд иесі өз пәтеріне 109 адамды ғана тіркеген болатын, ал бұл оқиға көрсеткішті бірнеше есе асырып түсті.

Бүгін, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.