"Альянс Банк" акционерлік қоғамының бөтеннің мүлкін жымқырды және алаяқтық жасады делінген бұрынғы қызметкерлері қаражаттың бір бөлігін өз еріктерімен қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство Tengrinews.kz редакциясының арнайы сұрақтарына жауап бере отырып, Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел тергеу тобы "Альянс Банк" акционерлік қоғамының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты банктің қаражатын заңсыз иемденді, алаяқтық және бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікпен бірнеше қылмыстық істің тергеліп жатқанын айтты.
"Қазіргі уақытта күдіктілер қаржының бір бөлігін өз еріктерімен қайтарды", - деп жазылған Бас прокуратураның ресми жауабында.
Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілдері тергеу аяқталмағандықтан ақпарат құралдарына толық мәлімет бере алмайтындарын жеткізді.
Бұған дейін экс-банкир Жомарт Ертаевқа бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену және жұмсап қою арқылы жымқырды деген күдік келгені хабарланған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz