Атырау, 28 қараша 21:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Жабырқатқан жағалау

2 040 просмотра

Image 0

Редакцияға Балықшы тұрғындары шағымданды. Бірнеше жыл бұрын осы маңда салынған жағалау бұзылып, қала тұрғындары үшін нақты қауіп-қатер төндіруі мүмкін.

Шамасы, ол әуел бастан дұрыс салынбаған. Бұл жерде құмды үйінді жасалып, оны тек Жайық жақтан ғана бетон тақталармен нығайтты. Екінші жағынан еш нәрсемен нығайтпады. Енді жауын-шашын болған кезде су нығайтылмаған жақтан құмды шайып тастайды. Асфальт астынан бос жер түзілуде. Кей жерлерде асфальт құлап түсіп жатыр, олардың түбінен терең шұңқырлар пайда болуда, - деп көрсетті балықшылық Серік. – Тағы бір-екі қатты нөсер жауын жауса, асфальт жабын су жырып кеткен құм үйіндісінен жылжып түсуі мүмкін. Қазірдің өзінде осы жағалау бойымен серуендеу қорқынышты, қашан және қай жерде асфальттың опырылып түсетінін білмейсің.

Бұдан басқа, жағалаудың осы бөлігінде жұмыстар аяғына дейін жасалмаған. Баспалдақтар таяныштармен жарақталмаған, көпірге жақын жерде асфальт жабын мүлдем жоқ. Металл қоршау да солай. Балықшылықтар қараңғы кезде бұл жерде жарық жоқ екендігіне қынжылыс білдірді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

6 тамыз 2015, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.