
Бакуде таңертең Баку мұнай өңдеу зауытында шыққан өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлады Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR).
18 маусым күні сағат 08:30 шамасында каталитикалық риформинг қондырғысында жылу алмастырғыштың үстіңгі бөлігіндегі ақаудан өрт шыққан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі жедел әрекет етіп, жалынды толықтай ауыздықтады.
Зауыт қауіпсіздік талаптарына сай жұмысын жалғастырып жатыр, өндіріс процесі тоқтаған жоқ. Оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Баку мұнай өңдеу зауыты — Әзербайжандағы жалғыз НӨЗ, жылдық қуаты 6,5 млн тонна. Қазір кәсіпорында Каспий өңірі елдерінің барлық мұнай түрін өңдеуге мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жобасы іске асырылуда. Оның толық аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.
В Атырау +30.3