Атырау, 28 қараша 20:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Су тарифінің көтерілуіне наразылық өтінішхатына 1300 тұрғын қол қойды

1 548 просмотра

Image 0Талғат АЯН. Су тарифінің көтерілуіне қарсылық білдіруші Талғат АЯН облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВКЕ, Атырау облысының прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВҚА және Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік ЖҰМАНҒАРИНГЕ өтініш білдірген 1 300 қала тұрғынының қолын жинады. 4 тамызда қозғалыс белсенділері өтінішхатты әкімдікке тапсырды.

Су тарифінің бір жарым есеге көтерілуіне наразы жүздеген қала тұрғыны әлеуметтік желілерде және біздің жарияланым шыққан кезде “Жағалаудағы жалғыз пикетші" қол жинауда») акцияға бірігу туралы қызу талқыға салып, ниет білдірген еді.

Өкінішке орай, іс жүзінде тек жеті батыл жан ғана бой көрсетті. Оның ішінде, Талғат Аяннан басқа «шалбар киген» тағы бір қатысушы болды, қалғандары бес әйел адам, оның екеуі айы-күні жетіп отырған жүкті әйелдер.

Қалай болғанда да, олардың әрқайсысы әкімдік кеңсесінен өз түбіртектерін алды. Жүгінген адам код арқылы ресми хаттың шенеуніктер кабинеті бойынша қозғалысына бақылау жасай алады және 15 жұмыс күні ішінде ресми жауап ала алады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 тамыз 2015, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.