Атырау, 23 қыркүйек 04:33
 ашықВ Атырау +22
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Барлық жаңалықтар

Жоғарғы сот Нақпаевты ақтап шығарды Басқа жаңалықтар

Жоғарғы сот Нақпаевты ақтап шығарды

ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзінше билік ету» деп аталатын 327-бабының 3-тармағы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған бұрынғы Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ (суретте) толықтай ақталып шықты. 11 қыркүйек 2012, 20:39 3 974 просмотра
Атыраудағы жарылыс: төрт күдікті қамауға алынды Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жарылыс: төрт күдікті қамауға алынды

Кеше, 9 қыркүйекте №2 қалалық сот ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабында (1-тармағы) және 233-бабында (2-бөлігі, «б» тармағы) қарастырылған қылмыстарды жасады деп күдіктелген есімдері аталмаған Атырау қаласының екі тұрғынын, сондай-ақ, Жылыой ауданының тұрғыны мен Маңғыстау облысының тұрғынын екі айға қамауға алуға шешім шығарды. 10 қыркүйек 2012, 19:14 2 342 просмотра
Атыраудағы жарылыс: бұл қалай болды Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жарылыс: бұл қалай болды

Облыстың құқыққорғау органдары 5 қыркүйек күні сағат 13-те Молдағұлова көшесіндегі жеке тұрғын үйде қолдан жасалған бомбаның жарылып, бір адамның ажал құшу фактісін тергеу барысы жөнінде жақ ашпай отыр. Бұл түсінікті де – тергеу жұмыстары жүріп жатыр, соның ішінде терроризмге байланысты жорамал жасалып жатқан болар. Сондықтан біз құқыққорғау органдарынан тыс дереккөздерге және өз айғақтарымызға ғана сілтеме жасай аламыз. 7 қыркүйек 2012, 23:41 3 326 просмотра
Бас прокурор кімді меңзеді? Басқа жаңалықтар

Бас прокурор кімді меңзеді?

ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзінше билік ету» деп аталатын 327-бабының 3-тармағы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған бұрынғы Атырау әкімі және облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ қай жерде екендігі әзірге белгісіз. Естеріңізге салсақ, жергілікті партия активінде сөйлеген сөзінде Асхат ДАУЫЛБАЕВ: «Менің атымнан Жоғарғы сотқа қарсылық жолданды, сот осы іс бойынша әділ әрі заңды шешім шығарады деп ойлаймын» деп мәлімдеген еді. 7 қыркүйек 2012, 17:18 2 957 просмотра
Жұлымы шыққан жертөлелер Басқа жаңалықтар

Жұлымы шыққан жертөлелер

Бір жыл толмай-ақ Нұрсаядағы жертөлелердің тұрбаларынан су ағып, құрылыс жүргізіп жатқан «Құрманқұрылыс», «Снабойл», «МұнайҚұрылысСервис» компанияларының меншік құқығына тиесілі цокольды қабаттар суға толды. Жергілікті ПИК қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВКЕ кепілдік бойынша кемшіліктерді жоюға міндетті құрылыс салушыға қатысты шағыммен шықты. Бұл жердегі су құбыры мен кәріз жүйесі қытайлық сападағы металл тұрбалардан салынған. Сондықтан үйлердің бірінің жертөлесіндегі жаз бойына кеуіп қалған «хауыздан» ашық-қызғылт сары іздерді көргенде таң қалған жоқпын. Атырау жертөлелеріне тән сасық иіске де таңданбадым. Ылғал болғандықтан қабырғаларды қара зең басқан. 5 қыркүйек 2012, 23:46 2 893 просмотра
Техникалық алаңдар балабақшаға жарамды ма? Басқа жаңалықтар

Техникалық алаңдар балабақшаға жарамды ма?

Нұрсаядағы жаңа құрылыстардың цокольды қабаттарында қалалық білім беру бөлімінің тапсырысы бойынша техникалық алаңдарды балабақшаларға қайта жабдықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 5 қыркүйек 2012, 23:44 2 456 просмотра
Жолақы 50 теңге болады Басқа жаңалықтар

Жолақы 50 теңге болады

Жергілікті ресми баспасөз беттерінде қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ қаладағы қоғамдық көлікте жолақы тарифін  45-тен 60 теңгеге дейін көтеруді қарастырған өзінен бұрын әкім болған А. КЕРІМОВТІҢ қаулысына өзгерістер енгізу туралы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі қаулысының жобасы жарияланды. Жолақы үшін жаңа тариф бір адамға 50 теңгені құрайтын болады. 5 қыркүйек 2012, 23:40 2 679 просмотра
Қылмыс хроникасы Басқа жаңалықтар

Қылмыс хроникасы

29 тамыз күні түнде 4-ықшамаудандағы пәтерлердің бірінде басынан жарақат алған 37 жастағы ер азаматтың денесі табылды. Сәтпаев даңғылында тұратын 37 жастағы күдікті қазіргі уақытта ұсталып, оған Қылмыстық Кодекстің 103-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қылмыстық іс қозғалды. 5 қыркүйек 2012, 23:34 1 906 просмотра
Батырақтарды жасыратын кез келді Басқа жаңалықтар

Батырақтарды жасыратын кез келді

1 қыркүйекте Қазақстанда «Учаске» деп аталатын кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы басталып кетті. Соның ішінде Атырауда уческелік инспекторлар жалға беріліп отырған пәтерлерді, саяжай учаскелерін, құрылыс нысандарын, базарлар мен баспаналарды аралайтын болады. 5 қыркүйек 2012, 23:26 1 917 просмотра
Кімнің дәлелі мықты? Басқа жаңалықтар

Кімнің дәлелі мықты?

Б. РЫСҚАЛИЕВТЫҢ отставкасынан кейін Ақордадан алыстағы  Атырау кенет саяси шиеленістің ошағына айналды және атышулы жанжалдардың, оның ішінде жергілікті депутаттардың демаршы секілді трагикомедиялық жағдайын ұрынды. Жақында ғана «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. НЫҒМАТУЛЛИННІҢ келу сапары, ҚР Бас прокуроры А. ДАУЫЛБАЕВТЫҢ және Экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес департаменті агенттігінің төрағасы Р. ТҮСІПБЕКОВТЕРДІҢ Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық турасындағы  шындықты ақтаруы әлі де нақтылана қойған жоқ. Шындығында не болып жатыр өзі? 5 қыркүйек 2012, 23:16 3 052 просмотра
Таскешудің өз сыры бар Мәдениет

Таскешудің өз сыры бар

Таскешу керуен сарайы Сарайшық пен көне Үргенішті жалғастыратын Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи мұралардың бірі болып саналады. Жылдар бойы елеусіз жатқан сарай сырына үңілген археологтар ерекше қызығушылық танытуда. 5 қыркүйек 2012, 23:03 7 493 просмотра
Олар да ана болуға лайық Қоғам

Олар да ана болуға лайық

Сіздердің мүгедек арбасына таңылған жүкті әйелді көргеніңіз бар ма? Бұл құбылыстың сиректігі сондай, оларды саусақпен санауға болады. Ал қай әйел болса да сүйікті болғысы келеді, өз отбасы мен балалары болса екен деп армандайды. 5 қыркүйек 2012, 22:39 4 159 просмотра
Банкпен де дауласуға болады Экономика

Банкпен де дауласуға болады

Банктермен, сондай-ақ, атқарушы және сот жүйелерімен дауласудың мәні жоқ. Санамызда осылай қалыптасқан пікірдің кейде банк несиесін өтеуге мүмкіндігі жоқ тұтынушылардың бүкіл мүлігінен айрылып қалуына әкеп соғып жатады. Алайда өз құқығыңды қорғауға болады, бастысы – заңды білу деп сендіреді адвокаттар. 5 қыркүйек 2012, 21:38 2 673 просмотра
Оралмандардан үйренейік! Басқа жаңалықтар

Оралмандардан үйренейік!

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында селода кәсіпкерлікті несиелеу үлкен сұранысқа ие бола бастады. Тиімді шарттармен несие алуға 80 адам тапсырыс беріп үлгерді. Түрлі салалы бизнес-жобалардың ішінен несиелік бағалау комиссиясы ең қызықты дегенін таңдап алатын болады. Таңдауға ие болған жобалар ғана өз істерін дамытуға несие ала алады. 5 қыркүйек 2012, 21:34 2 334 просмотра
Назар аударыңыз, балалар! Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, балалар!

Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде облыста балалардың қатысуымен және олардың кінәсінен 50 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Жол полициясы басқармасы. Апат салдарынан 11 бала көз жұмып, 47 бала жарақат алған. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ҚР ІІМ жыл сайын қыркүйек айының бірінші аптасында «Назар аударыңыз, балалар!» деген акция өткізіп тұрады. 5 қыркүйек 2012, 21:20 3 773 просмотра
Басқа жаңалықтар

Өз мүддесін қорғап шықты

Биылғы жылдың қаңтарында «АЖ» ТШО мен Аджип ККО объектілеріне қызмет көрсететін «КСБ Групп» ЖШС күзет компаниясында қалыптасқан ахуал туралы жазған еді. Фирма күзетшісі Азамат ЕСМҰҚАЕВ өзі секілді басқа қаладан келіп жұмыс жасап жүрген жұмысшылардың атынан өздерін баспанамен қамтамасыз етпейді, жолақыларды төлемейді  деп, еңбек құқықтарының бұзылуына жұмыс берушіні айыптаған болатын.  Облыстық еңбек департаменті жүргізген тексеру жұмыстары осы фактілерді растаған еді, соған қарамастан күзетші жұмыстан шығарылды. 5 қыркүйек 2012, 21:15 1 997 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қашағаннан не күтуге болады?

Каспий – Қашаған теңізасты кенішінен өнеркәсіптік мұнай өндіру 2005 жылы жоспарланған болатын. Сол кезде көпшілік енді керемет өмір сүреміз деп үміттенген еді. Енді 2013 жылы көктемде мұнай көп болады деп уәде етіліп отыр. Болатыны шүбәсіз, алайда масайраған көңіл жоқ. Қазақстанда мұнай табыстарының жұмбақ жолдармен өтіп жатқаны сондай, халық олардан өздеріне түсетін ешқандай да пайда көретін жағдайда емес. 5 қыркүйек 2012, 21:03 1 392 просмотра
Қазмұнайгаз теңізге шығады Басқа жаңалықтар

Қазмұнайгаз теңізге шығады

2 қыркүйекте «Ренессанс» қонақ үйінде «Ембімұнайгаз» ӨФ 90 жылдығына және еңбегі сіңген мұнайшы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бөлекбай АҒЫНҒАЛИЕВТІҢ 85 жылды ғына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті. 5 қыркүйек 2012, 20:45 2 473 просмотра
Облыс әкімін мектептердің жағдайы қапаландырды Басқа жаңалықтар

Облыс әкімін мектептердің жағдайы қапаландырды

Дүйсенбі күні, 3 қыркүйекте облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ актив өткізіп, онда облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы полициясы, ішкі істер департаменттерінің және облыстық прокуратураның жаңа басшыларын қысқаша таныстырып өтті. 4 қыркүйек 2012, 20:50 2 100 просмотра
Пактың орнына келді Басқа жаңалықтар

Пактың орнына келді

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы Атырау филиалының төрағасы (әрі қарай ҚҰЭП) ауысты. Атырауға танымал кәсіпкер, «УС-99» ЖШС құрылтайшысы Вадим ПАКТЫҢ орнына жергілікі филиалға Асылбек ЖАКИЕВ басшылық етті (суретте). 4 қыркүйек 2012, 20:04 1 954 просмотра