Қытайда төрағасы қайда кеткені белгісіз ірі жеке компания акциясының саудасы тоқтатылды.
Кей деректерге сүйенсек, Гуо Гуанчан Қытайдағы ең бай адамдардың бірі. Ол 10 желтоқсан, бейсенбіден бастап байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Би-би-си.
Ақшалы алпауытты Шанхай әуежайында полиция қызметкерлері ұстауы мүмкін деген болжам бар. Алайда оған қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны жайлы ақпарат жоқ.
Гуанчанның "Фосун" компаниясы оның жоғалғаны туралы ақпаратты не растамады, не теріске шығармады. Компания өкілі тек оның әдеттегідей жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеп отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат