Атырау, 26 қараша 12:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Парсы шығанағы елдері Трамптың АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы мәлімдемесін сынға алды

3 526 просмотра

Image 0Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің басшылары АҚШ президенттігіне үміткер, республикалық партия мүшесі Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұсылмандардың және сириялық босқындардың атына айтылған қаскөйлік, нәсілшілдік сипаттағы сөздерін сынға алды.

Америкалық саясаткер мұсылмандардың Құрама Штаттарға кіруіне тыйым салуға шақырды. Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Бахрейн, БАӘ, Оман ынтымақтастық кеңесінің басқарушы көшбасшылары - Эр-Риядағы араб «алтылығы» саммиті осыған байланысты алаңдаушылықтарын білдірді.

Олардың бірлескен мәлімдемесінде босқындар, тұтастай мұсылмандарға қатысты қаскөйлік, нәсілшілдіктің артуына байланысты Араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесі мұндай тәсілдерді сынға алатыны айтылды. Бұл мәлімдемені ПШАМЫК бас хатшысы Абдулатиф бин Рашид Әл Зайани жасады.

Дереккөз: ҚазАқпарат


11 желтоқсан 2015, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.