Атырау, 9 қазан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Алматы облысында жоғалып кеткен студент қыз табылды

2 927 просмотра

Image 0Алматы облысында жоғалып кеткен студент қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еріктілердің Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған ақпаратына сілтеме жасап.

"Полиция қызметтерін атқарып жатыр. Бұл жолы тапты. Сүйінші. Психолог қажет", - деп жазды іздеу тобындағы еріктілердің бірі Константин Авершин.

Ерікті Tengrinews.kz тілшісіне қыздың аймақтарды тексеру барысында табылғанын айтты. "Тұрар саяжайында. Ол өте қатты қорқып қалған. Токарев ұсталды. Қапшағай қалалық ЖПБ қызметкерлері тапты", - деді Авершин.

ІІД бұл ақпаратты растады. "Қыз тірі. Қазір Қапшағай қалалық жол полициясы басқармасына жеткізілді. Басқармаға қызбен бірге оны ұрлады делінген ер адам да әкелінді. Полицейлер ұсталған ер адамнан жауап алып жатыр. Туыстарына Айзада Авлатарованың қай жерде екені хабарланды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары "Адам ұрлау" бабына сәйкес жалғасып жатыр. Толығырақ кейін хабарлаймыз", - деді ІІД баспасөз қызметі.
Дереккөз: tengrinews.kz

10 желтоқсан 2015, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.